Ауданымыздың көркейіп, жылдан-жылға гүлденуі ауылдық округтерде салынып жатқан құрылыс нысандарының сәулетті болып бой көтеруі мен ауыл көшелеріне төселген тас жолдардың сапалы болуына тікелей байланысты. Кейінгі жылдары аудан көлемінде бірнеше нысандардың құрылыстары бой көтеріп, көптеген ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілуде. Биылда аудан орталығында 30 жалгерлік тұрғын үйлер мен 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатса, Ақдала ауылдық округінде көптен бері халық сұранысында жүрген фелдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы салынуда.
Көктем айында басталған ФАП ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Олай дейтініміз осы аптаның бейсенбісі күні аудан іргесіндегі ауылда салынып жатқан құрылыс нысанына арнайы барып, жұмыс қарқынын көзбен көріп қайттық.
Сапар барысында аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуді өз міндеттеріне алған «ГрадСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің прорабы Ерасыл Өтенбай ФАП ғимаратының құрылысы аяқ-талуғы аз уақыт қалғанын айтып, жұмыстың 85 пайызы жасалынғанын және бетон құю, кірпіш қалау сынды негізгі жұмыстары әлдеқашан аяқталғанын жасырмады. Сонымен қатар ғимараттың шатыры толық жабылып, терезелері орнатылып, ауласы қоршалған. Ендігі кезекте құм сылақ жүргізу, есіктерді орнату, басқа да ұсақ-түйек жұмыстар жасалынды екен.
Әңгіме барысында Ерасыл Өтенбай бүгінгі таңда құрылыс нысанында 18 адамның жұмыс жасап жатқанын, оның ішінде құбыр жүргізу жүмыстарын жасап жүрген Ақдала ауылының тұрғыны Елдос Сырлыбай өз ісінің нағыз хас шебері екенін айтып өтті. Сондай-ақ әртүрлі жұмыстарға бірнеше ауыл тұрғындарын алып, оларда өздеріне тапсырылған жұмыстарды ойдағыдай атқар-ғанын тілге тиек етті.
ФАП ғимаратының ірге-тасын қалап, барлық құрылыс жұмыстарына біркісідей атсалысып жүрген Ерлан Маханбет-әлиев пен Асқат Дамиров және Кеңесбай Әлімбетов сынды азаматтар көктем мезгілінен бастап қолға алған жұмыстары жақын күндері аяқталып, халық игілігіне ғимаратты тапсырып беретіндеріне дән риза болып жүр.
Олардың бар арманы құры-лыс нысанының қабырғасына өз қолдарымен қалаған әрбір кірпіші мен қаққан шегелері ғимарат сапалы болып салынуына септігін тигізіп тұрса болғаны.
Құрылыс жұмыстары аяқ-талғаннан кейін ауыл ажарын көрікті етіп көрсететін ғимараттың болашақта ауыл тұрғындарына пайдасы орасаң зор. Өйткені осы ауылдағы басы ауырып, балтыры сыз-даған ауыл тұрғындарының сырқатынан айығуына себеп болатын денсаулық орталығы.
Көпшіліктің арман-тілегі болған ФАП ғимаратының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз еті-ліп, халық игілігіне пайдалануға берілсе, ақдалалықтар үшін бұ-дан артық арман жоқ та шығар деп ойлаймыз.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».