«ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІМ, ШЫҚҚАН БИІГІМ – ЕЛІМНІҢ АРҚАСЫ»

   140db61e-77da-46e0-9afe-73f83d436637.jpgfdbbaa4e-ae62-48d6-a0e9-526ab57cee54.jpg

   «Жаныңда жүр жақсы адам», - демекші әр ауылда, әр жерде, әр ұжымда өз ортасында  сыйлы, жұмысына тыңғылықты, өзінің алдына қойған мақсаты бар жақсы адамдар көптеп кездеседі.

Айтайын дегенім, Бақанас ауылындағы «Бақанас мектеп – интернатында денешынықтыру пәнінен сабақ беретін, Алматы спорт және туризм академиясын бітіріп келген жас та болса , өзін жақсы қырларынан көрсете білген әріптесіміз – Кәрібай Ержанды айтар едім.

   Ол Балқаш ауданы, Жиделі аулының тумасы. Ержанның бала кезінен бастап, спортқа оның ішінде күреске бейімділігі мен қабілеті байқала бастайды. Әңгіме кейіпкері өзге ауыл балаларындай доп теуіп, асық атып, ләңгі теуіп, кешке дейін үй шаруасына көмектесіп, ұдайы қимыл – қозғалыста жүретін. Сондықтан болар дене бітімі де ширақ, шымыр болып өсті.

  Спортқа деген сүйіспеншілігі жеңіп, аудан орталығына қоныс аударады. Арманы аудандағы жасөспірімдер спорт мектебіне қабылданып, өзінің таңдаған спорт  түрі - қазақша күреспен айналысуды жөн көреді. Бақа-нас мектеп – интернатына 8-сы-ныпқа қабылданады. Ауылынан ұзап шықпаған бала интернат өміріне тез үйреніп кете алмаса да, басқа балаларға қарап сабағын оқып жүріп, өзінің арманы спорт мектебіндегі қа-зақша күрес секциясына жазылады. Спорттан басқа мектептің қоғамдық жұмыстарына да белсенді түрде атсалысып, өзі-нің басқа қырларын көрсете білген жас сол кездегі ауданда құрылған «КВН» жастар құрамасының белді мүшесі болды. Осы құрамада өнер көрсетіп, облыстан  жүлделі орындар алып,  мектеп пен аудан намысын қорғағаны тағы бар.  Осылай өмір өте береді. Спортқа жас-тайынан бейімі бар жасөспірім бірте-бірте қазақ күресінен  ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық  жарыстарға қа-тысып,  жүлделі орындар ала бастады. Бапкерлері Ерубаев Айдар мен Бектембаев Қанат ағайлары да баланың қабілетін байқап, ары қарай шыңдай берді. Тынымсыз еңбек пен төгілген тердің арқасында облыстық жарыстардан да қанжығасы бос қайтпады. Бақанас мектеп-интернатынан түлеп ұшқан соң, арман қуған жас түлек 2016 жылы Алматыдағы «Қазақ спорт және туризм» Академиясына оқуға түсті.

  Академия қабырғасында жүріп әр түрлі жарыстардың жүлдегері атанды. 2020 жылы Академияны бітіріп, дипломын алып, өзі оқып бітірген Бақанас мектеп – интернатына денешынықтыру пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Жұмыс барысында түрлі курстарға барып, өз білімін жетілдірді. Аудандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы болып қосымша жұмыс атқаруда.

    «Шәкіртсіз ұстаз тұл», - демекші өзі де бір кезде шәкірт болса, енді өзі шәкірттер дайындауда. Шәкірттері де аудандық, облыстық жарыстардан топ жарып, жүлделер алуда. Ержанның өз бапкерлеріне айтар алғысы шексіз! Қарым - қатынастары да сол баяғыдан артпаса, кеми түскен жоқ.Білгендерін үйретіп, қашанда ақыл - кеңестерін беріп отырады.

   2011 жылы Қазақстан Рес-публикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткен қа-зақша күрестен оқушылар ара-сындағы аудандық жарыста ІІІ-орынды иеленді. Ұлы тұлға Д.А.Қонаевтың 100  жылдық мерейтойына өткізілген грек-рим күресінен облыстық турнирде ІІІ- орын алды.

   2016 жылы  Өскемен қала-сында жастар арасында дзюдодан өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында 73 кг салмақ дәрежесінде ІІІ –орын иеленді.

   2013 жылы Олимпиада күніне байланысты өткен аудандық чемпионатта қазақша күрестен ІІ- орынды иеленді.

    2013 жылы аудандық «Қиын – қыстауды жеңу» атты сайыс-та топ жарып,  І-орынға қол жеткізді.

2014 жылы «Жас барыс» атты облыстық турнирде 64  кг салмақ дәрежесі бойынша ІІІ-орынды қанжығасына байлады.

    2015 жылы Алматы облысының чемпионатында қазақша күрестен ІІІ-орынды иеленіп, өңіріміздің мерейін тасытса, «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақстанның үміт артарлары» 2015 - 2016 оқу жылындағы Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы оқушылары енген бұл кітапқа біздің  Кәрібай Ержан Мәуленқұлұлы  да еніп, мек-тебіміздің абыройын бір ас-қақтатты.

Сонымен қатар, Тәуелсіз-діктің 25 жылдығына орай, Қызылорда қаласында өткен Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алуға арналған қазақ күре-сінен дәстүрлі республикалық ашық турнирде 66 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ- орынды иеленді.

Ал 2020 жылы Алматы облысында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Кәсіби спорт – менің таңдауым» атты шеберлік сабакққа қатысады.Қазақ тілін (шетел тілін екінші тіл ретінде) оқыту әдістемесі негізінде қазақ тілін ортадан жоғары В2 деңгейін меңгеріп шықты.       

Ержан қазіргі таңда Алматы облыстық қазақ күрес федерациясы ұйымының бел-ді мүшесі.                   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген гір тасын көтеруден ІІ орын, 2021 жылы Бақанас  БЖСМ директоры Х.Сембаевтың Алғыс хаты, 2022 жылы аудан әкімінің Алғыс хаты, 2022 жылы Бақанас аулында  аудандық қа-зақ күресінен «Балқаш бөрісі» турнирінен жүлделі ІІІ- орынды иеленеді.

  2023 жылы қазақ күресінен ерлер арасындағы Алматы облы-сының чемпионатында 90 кг салмақ дәрежесінде ІІ – орынды місе тұтса, ал 2023 жылы Қонаев қаласында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

  Міне, Ержанның осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері осындай. Қазіргі таңда Бақанас мектеп – интернатында жас өркендерді салауатты өмір салтын ұстануға баулуда.

    Ержанның өзі түлеп ұшқан алтын ұясына, туған жеріне келіп қызмет етіп, шәкірттер дайындап, болашақ спорт саңлақтарын тәрбиелеп шығарып жатқаны- үлкен перзенттік парызы деп түсінемін.

   «Адам биікке шықса, таны-малдыққа ие болса  - ол кіндік қаны тамған киелі туған жердің  топырағының киесі, қасиеті», - деп білемін. Ал, адам туған еліне, жеріне қызмет етсе , ол адамның санасы мен ой- пайымының жоғарылығы, алған дұрыс тәрбиесі мен Отан алдындағы борышы. Ең алдымен адам өз елінің патриоты болу керек!

     Жас ұрпақтарды  тәрбиелеп жатқан  жас маманның алар асуы мен шығар биігі          әлі алда.

25 қазан Республика күні мерекесіне орай Ержанның  шәкірттерінің жеткен жетіс-тіктері мен жүлделері, шығып жатқан биіктері - еліміздің, жеріміздің абыройы.

    Біз әріптесіміз Ержанмен мақтанамыз, құрмет тұтамыз!

  Міне,  осындай Отансүйгіш, еңбекқор жастарымыздың қол-дарына болашақтың кілтін сеніп тапсыра аламыз. Ержан сияқты білімді де білікті, жауапкершілігі мол,  толерантты, қабілетті, дарынды жастарымыз тұрғанда,  Қазақстанымыздың тәуелсіздігі баянды, болашағы жарқын, келешегі кемел болары сөзсіз.

   «Мен және менің шәкірт-терімнің жеткен жетістіктерін еліме, жеріме арнаймын! дейді»  әңгіме кейіпкері өз сөзінде.

    Алда келе жатқан 25 қазан Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!                    

               Жанна Нахақызы,  Бақанас мектеп – интернатының кітапхана меңгерушісі.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр