25 қазан Республика күні ұлттық мерекесіне орай аудандық дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде мекеме қызметкерлері арасында волейболдан аудандық жарыс болып өтті.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатында аудандық Мәд-ениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Гүлзат Сәлімжанова сөз тізгінін алып, жарысқа қатысушы командаларға сәт-тілік тілеп, алда келе жатқан ұлттық мерекемен құттықтап, олардың отбасына амандық, дендеріне саулық тіледі.
Мекеме қызметкерлері кә-сіпқой спортшы болмаса да бар өнерлерін ортаға салып, өзара ойын өрнектерін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленуге тырысып бақты.
Салауатты өмір салтын ұс-тануға бағытталған ойын барысында жүлделі орын алған командалар жеңіске жеткеніне қуанып жатса, жеңілген командалар өкініштен санын соғып, «қап әттеген-ай!» дегендерде болды.
Жарысты қорытындылай келгенде үздік ойыншыларының арқасында «Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» командасы І-ші орынды жеңіп алса, «Жиделі әкімшілігі» командасы ІІ-ші орынға табан тіреді. Ал жүлделі ІІІ-ші орынды «М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің» ко-мандасының ойыншылары місе тұтты.
«Үздік ойыншылар» Алмас Тоғанбаев, Ақмарал Марлен-қызы, «Үздік доп үйлестіруші» Біржан Үйсінбай, "Үздік ша-былушы" Азамат Алтынбаев "Үздік ойыншы" Айдын Үркінбаев,"Үздік шабылушы" Қайрат Беріктер жақсы ойын өрнектерін көрсете білді.
Мекеме қызметкерлері арасында осындай түрлі спорттық жарыстарды өткізіп тұру аудан халқын спортпен шұғылдануға икемдеудің даңғыл жолы.
Сондықтанда осындай мол мүмкіндікті барынша ұтымды пайдаланып, ұйымдастырылған спорттық жарыстарға қатысып, дене шынықтырумен айналысып тұрған өте пайдалы іс.
Өз тілшімізден.