ПАРТИЯ АТЫНАН САЙЛАУҒА ҮМІТКЕР ҰСЫНЫЛДЫ

43f587a4-2092-4386-b74c-12f7f72d7d34.jpg

Осы аптада «AMANAT» партиясы балқаш аудандық филиалының кезектен тыс хххiv конференциясы болып өтіп, 5 қараша күні өтетін Балқаш ауданының әкімінің сайлауына партия атынан өз үміткерін ұсынды.

конференцияға алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары  Әбдірахым  Нұрлан Ерғалиұлы,  «AMANAT» партиясы алматы облыстық филиалының төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы арнайы келіп қатысты.

Сондай-ақ конференция жұмысына аудандық мәслихат төрағасы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысып отырды.

Конференцияның  күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Ол Балқаш ауданы әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан кандидат ұсыну туралы.

5239f904-409d-4f60-9b31-9d81ead426df.jpg

Осы орайда сөз «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі Сайран Смағұловқа беріліп, ол сөзінде  сайлауға үміткер ретінде Құтпанбетов Азат Үкітайұлының кандидатурасын ұсынатынын айта келе, үміткердің өмірбаяны мен қызметтік жолдарына тоқталды.

Бұдан соң жарыссөзге кезек берілді. Аудандық партия филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшесі, партия ардагері, аудандық Ардагерлер  кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев пен Алматы облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Тынышбай Досымбеков ұсынылып отырған кандидатты қолдайтындарын жеткізді.

Сөз кезегін  алған  «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев та саяси додаға үкілеп қосып отырған үміткерге сәттілік тіледі.

Мінбе төріне көтерілген Балқаш ауданы әкіміне кандидат Азат Үкітайұлы өзіне артылған сенім үрдісінен шығуға бар күш-жігерін  жұмсап, жеңіске жету жолында партия  мүшелерімен бірге екендігін жеткізді.

 

Гаухар Мақатай, «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының консультанты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР