Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді

Алматы облысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның төмендеуі тіркелді. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бахытұлы мәлімдеді.


Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша бакалея өнімдері бағасының 0,7%-ға, картоп - 1,2%-ға, сәбіз - 2,8%-ға, жұмыртқа - 0,2%-ға, пияз - 3,4%-ға, ақ қырыққабат - 3,1%-ға төмендеуі байқалады. Өткен аптада қарақұмық жармасы бағасының 311 теңгеден 337 теңгеге дейін шамалы өсуі тіркелді.


Сондай-ақ, баяндама барысында Қуаныш Бахытұлы облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыратынын, тауарлардың құнын негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.


0ec09640-4cbe-4758-9060-a29e21037143.jpg


5648fb44-99a7-48d3-a7bb-90f3edec9fc9.jpg





















































Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елде «Republic Day» акциясы басталды: Республика күніне орай мыңдаған тауарға жеңілдіктер
  • По всей стране стартовала акция «Republic Day»: тысячи товаров со скидками ко Дню Республики
  • Елде «Republic Day» акциясы басталды: Республика күніне орай мыңдаған тауарға жеңілдіктер
  • Скидки до 70% предложат в торговых центрах по всему Казахстану ко Дню Республики
  • Пашинян поблагодарил Алиева