Көптен күткен уақыт – бұл жазғы демалыс. Барлығымыз ұшақтың жайлы креслосына отырып, жаңа әсер алу үшін жылы елдерге баруды асыға күтеміз. Бірақ қарбалас пен эмоциялардың көптігіне байланысты қаржылық алаяқтықтың құрбаны болмау үшін сақтық шараларын ұмытпаған жөн.
Қаржылық алаяқтардың шабуылдары шетелде демалуды жоспарлағандардың демалысын бұзбас үшін Fingramota.kz оларға арнап жадынама жасады.
Демалысты жоспарлау кезінде біз ресми туристік агенттіктен барлық шығындар кіретін ыңғайлы турды таңдай аламыз: ұшу, тұру, сақтандыру, гид немесе сапарды интернет арқылы өзіміз ұйымдастырамыз. Алайда туристік елдерде шетелдіктер көбінесе алаяқтардың құрбаны болатынын есте ұстаған жөн. Өздігінен саяхаттайтын туристер тап болуы мүмкін алаяқтықтың негізгі түрлерін қарастырайық.
1. Авиабилеттерді сатып алу кезіндегі алаяқтық
Алаяқтар фишингтік сайтты жасайды, яғни кез-келген танымал веб-ресурсты толығымен қайталайтын сайт және үлкен жеңілдікпен броньдау туралы хабарландыру орналастырады. Сенімдірек болу үшін бағыттың түбіртегі поштаңызға да келуі мүмкін. Тиімді ұсыныстарға ұмтылу кезінде азаматтар қырағылығын жоғалтады және осындай сайтқа өз деректерін, әсіресе карта деректемелерін енгізеді, оларды кибершабуылдарға береді, содан кейін бірнеше минут ішінде олардың банктік шотын нөлге айналдырады.
Аса әккі алаяқтар нағыз билеттің өзін сатады және оны сіз тексергеннен кейін бірден жояды, себебі билеттің түпнұсқалығына екі рет көз жеткізу ешкімнің ойына келмейді ғой. Билеттің жарамды екеніне көз жеткізу үшін авиакомпанияға қоңырау шалу қажет.
2. Қонақ үйді брондау кезіндегі алаяқтық
Жиі жағдайда алаяқтар өздерінің сату арналарының бар екені туралы жалған ақпарат таратып, турлар сатып алу, төмен бағада жалдау туралы ұсыныстар жасай отырып, әлеуетті сатып алушыларды әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар арқылы тартады. Бір қарағанда барлығы шынайы сияқты көрінеді және күдік тудырмайды. Төлем жасауға арналған сілтемелер танымал туристік агенттіктердің атынан келеді, алайда төлем жасағаннан кейін картадан ақша есептен шығарылып, ал жауап ретінде техникалық ақау туралы хабарлама келеді.
Сондай-ақ, көбінесе саяхатшылар қонақ үйлерді Airbnb немесе Booking.com жалдамалы баспана мен қонақ үйлердің агрегаторлары арқылы өздері брондап жатады. Әрине, әрбір адам жақсы жерді брондағысы келеді, бірақ көп қаражат жұмсағысы келмейді. Алайда өзіңіздің бірдейлендіру жөніндегі деректеріңізді енгізуден бұрын әрдайым мекенжай жолын мұқият тексеріңіз – сіз өзіңіз ойлаған сайттан басқа сайтқы кірген болуыңыз мүмкін. URL-мекенжайдың жазылуына мән беріңіз, ол HTTPS-тан басталуы тиіс және сол жағында жабық құлпының суреті болу керек. Жақсы жазылған пікірлерге сенбеңіз – олар да сенімді саяхатшыларды алдау тәсілі болуы мүмкін.
Мына сілтеме бойынша Қазақстан туристік қауымдастығының (ҚТҚ) сайтында туристік фирма лицензиясының нөмірін тексеріп алу да артық етпейді: https://kaztour-association.com/o-nas/nashi-proekty/ob-ert-rk/chleny-ert-rk/.
3. Валюта айырбастау пункттеріндегі алаяқтық
Саяхаттың алдында теңгені өзіңіз баратын елдің валютасына айырбастап алыңыз, бұл ретте ұсақ купюралар түрінде айырбастаған жөн. Егер сіз мұны алдын ала жасап үлгермесңіз, онда елге келгеннен кейін онда бағам аса тиімді болмайтын туристік орындар, вокзалдар, әуежайлардан алыс жерлерде орналасқан банктерден немесе ресми пункттерден валюта сатып алыңыз. Айырбастаудың алдында валюталар таблосындағы ағымдағы бағамды және өзіңзідің қанша ақша ала алатыныңызды міндетті түрде тексеріңіз.
Саяхатшылар такси жүргізушілеріне сеніп қалып, көбіне бірінші болып ұсынылған айырбастау бекеттеріне баруы мүмкін. Күмән тудыратын айырбастау бекеттеріне бармауға тырысыңыз. Рұқсат құжаттары немесе лицензиясы жоқ алаяқтар бұған дейін операциялық касса жұмыс істеген үй-жайды жалға алып, жалған айырбастау бекеттерін ашып жатады. Операция жүргізетін «қызметкер» валюта айырбастау кезінде ақшаны алғаннан кейін купюроны қайта санау үшін қажет деп түсіндіріп, бір кассаны жауып, үй-жайдан қосалқы есік арқылы шығып кетуі мүмкін.
4. Қоғамдық Wi-Fi және жанаспа төлемді пайдалану кезіндегі алаяқтық
Интернетте ақша операцияларын жүзеге асыру кезінде өз құрылғыңызды пайдаланып, қоғамдық компьютерлерге деректерді енгізбегеніңіз дұрыс. Кибералаяқтар үшін мұндай желі арқылы деректерді «қағып» алу ешқандай қиындық тудырмайды.
Бүгінгі күні смартфондар мен планшеттерді, сондай-ақ фитнес-білезіктерді пайдаланушылардың арасында NFC технологиясының танымалдылығы жоғары. NFC технологиясы бар смартфондарға банктік шотты немесе кредиттік картаны байлауға болады, бұл қаскүнемдерді одан сайын қызықтыра түседі. Киберқылмыскерлер пайдаланушылардың ақша қаражатын ұрлау үшін NFC осалдылығын пайдалана отырып, азаматтардың шоттарындағы ақшаны ұрлайды. «Bump and infect» әдісін көбіне сауда орталықтары, супермаркеттер, әуежайлар, кафе және т.б. сияқты орындарда пайдаланып жатады.
Шетелге шығатын бөлек – виртуалды немесе цифрлық карта ашыңыз. Оны өз мобильді банкингіңіз арқылы қажеттілігіне қарай басқа шоттан толтырыңыз. Оны мейманханаларға бронь қою үшін пайдаланып, мейрамханалар мен дүкендерде төлеңіз немесе интернетте сауданы тек осы карта арқылы жасаңыз. Өз шотыңыз бойынша операцияларды қадағалау үшін картаңызға SMS немесе push-хабарламаны қостырыңыз. Электрондық поштаңызға туристік оператордан немесе мейманханадан деген атаумен SMS немесе хабар түрінде келіп түсуі мүмкін күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз.
Саяхатыңыз қауіпсіз болсын. Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz сайтымен бірге арттыруды ұмытпаңыз!