АСТАНА - ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ

DSC_0839.JPG

Астана күні мерекесіне орай осы аптаның сейсенбісі  күні аудан орталығындағы Д.Қонаев атындағы саябақта «Ақ Ордам, Алтын Ордам - Астанам!» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.

Тәуелсіз мемлекетіміздің  рухын асқақтатып тұрған Астана қаласын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған мәдени шараның шымылдығын түрген аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов өз сөзінде: - «1997 жылы 20 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды.

1998 жылдың 6 мамырында Президент Жарлығымен еліміздің астанасы - Астана қаласы болып аталды. Биыл Астананың Қазақстанның бас қаласы ретінде халықаралық аренада таныстырылғанына - 25 жыл» деп, Астана күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи-танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша екенін айтты. Сонымен қатар барша әлемнің назарын да өзіне аударып тұрған, айбыны асқақ тәуелсіз ме-млекетіміздің бойтұмары болып тұрған бас қаламыз қазіргі инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асырып,    кең - байтақ Отанымыздың жүрегі болып, сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала екенін айта келе, жиылған көпшілікті  Астана күні мерекесімен құттықтады.

Азат Үкітайұлының құттық-тауынан кейін кезек аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің  дайындаған концерттік бағдарламасына кезек берілді.

Аудан өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, әннен шашу шашқан мәдени шара барысында ауданға танымал әнші Гүлмира Қасабекова,  Гүлмира Рахимова, Гүлжанат Серік-бай, Құралай Оразбекова, Бақыт-жан Жапсарбеков, Еркежан Қожахан және Тұрғали Жармедет, Ринат Қайыпбаев, сонымен қатар аудандық Саз мектебінің оқытушылары Айбол Жолдас пен Нұрдәулет Мейрамбек кезекпен-кезек ортаға шығып, күн ұясына кіргенше  Астанаға арнап жазылған әндерді орындап, мерекелік шараның көрігін қыздыра түсті.

Мерекелік шараның соңы би кешімен жалғасып, жастар қауымы саябақ алаңында заманауи музыкаларға би билеп, көтеріңкі көңілде тарқасты.

«Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі». Ол - қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Елорданың тарихы мен дәстүрін, мәдениеті мен қайталанбас қолтаңбасын айтып мақтанамыз.             

 

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр