ОБЛЫС ӘКІМІ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ЖАҚЫН ТАНЫСТЫ

DSC_1043.JPG

Өткен аптаның сәрсенбісі күні облыс әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы ауданға арнайы іссапармен келіп, бірқатар нысандарды аралап, маңызды мәселелерді назарға алып, олардың дер кезінде орындалуын өз бақылауына алатыны жөнінде әңгіме өрбітті.

 Ауданға арнайы атбасын бұрған өңір басшысын аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов, сонымен қатар бірқатар шаруа-шылық басшылары күтіп алып, сапарлас болды.

Марат Елеусізұлы өзінің іс-сапарын ауданға кіреберістегі «Тасмұрын» магистральды каналына Іле өзенінен су бөлінетін бастапқы сағасынан бастады. Ол жерде облыс басшысы  Іле өзенінің су деңгейіне назар аударып, Миялы, Бақ-бақты және Бірлік ауылдарына қарасты егіс алқаптарды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп тұрған «Тасмұрын» магистральды каналының бастапқы сағасын кеңейту туралы ай-тылған ұсыныстарға құлақ түр-ді.

Аудандық «Балқаширрига-ция» Су шаруашылығының директоры Владимир Кимнің айтуынша Іле өзенінің ағысын тежеу мақсатында үрлемелі платина салу құрылысы мен «Тасмұрын» магистральды каналының бастапқы сағасына қосымша бесінші және алтыншы гидроқұрылғыларды орнату жоспарлы жұмыстардың бірі. Ендігі мәселе аталмыш жұмыстарға қажетті қаражат-тың бөлінуіне ықпал етуді  облыс басшысынан сұрады.

Мұнан соң өңір басшысы «Тасмұрын» асуынан түсеберісте орналасқан автомат-тандырылған  газ тарату станциясына келіп, газ құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргі-уді өз міндеттеріне алған құрылыс компаниясының инженерлері-мен сұхбаттасты. 

Келесі кезекте аудан орталығына кіреберісте орна-ласқан  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, жаңадан атауы өзгеріп ашылғалы жатқан аурухананың  жөндеу жұмыстарымен жақын танысып шықты. Облыс әкі-міне әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Ләззат Әбдірахманова   жаңадан қолға алынып жатқан  ауруханада қызмет алушыларға  қандай жағдайлар жасалынатыны және келешекте бұл жерде 150 емделушіге қызмет көрсетіліп, 106 адам жұмыспен қамтылатыны  жайында егжей-тегжейлі баяндап, мекеменің ішкі бөлмелерінің жағдайымен таныстырып шықты. 

Сонымен қатар  Марат Елеусізұлы аудандық дене шы-нықтыру-сауықтыру спорт ке-шеніне атбасын бұрды.

Облыс орталығынан арнайы  келген құрметті қо-наққа аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мекте-бінің директоры Хамит Сембаев аудан көлемінде қанша жасөспірім спортпен тұрақты шұғылданып, олардың арасында әлемдік,  халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары шыққандығын айтты. Сөз орайы келгенде облыс әкімі спортпен шұғылдану жасөспірімдер үшін маңызды мәселе екенін айтып, тәуелсіз мемлекетіміздің абыройын ас-қақтататын спортшылар көп болсын деген тілегін білдірді.

      Аудан орталығынан салынып жатқан 30 жалгерлік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысуды жөн көрген  Марат Сұлтанғазиев алдымен тұрғын үйлердің құрылыс сапасына назар аударды. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімін сұрап, тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қаншалықты тұрғын үйлермен қамтамасыз етіп жатқаны  жөнінде сұрады. Облыс әкімінің қойған сұрақ-тарына тиянақты жауап берген аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Үкітайұлы жыл сайын ауданда салынып жатқан тұрғын үйлер баспана кезегінде тұрған аудан тұрғындарына берілетінін айта келе, олардың деншілігі көпбалалы отбасылар екенін және биылғы жылы  30 жалгерлік тұрғын үймен бірге 40 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын баяндады.

Өңір басшысының ауданы-мызға жасаған іссапары  Қарой ауылдық округіндегі «Іле-Балқаш резерваты» аумағында өз жалғасын тапты.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

«Балқаш өңірі».

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР