АҚЫННЫҢ ЕСІМІ КӨШЕ АТАУЫНА БЕРІЛДІ

49fa3a0d-ea4e-4fc3-9e22-80695ff1d13d.jpg

Өткен аптаның жексенбісі күні Ақкөл ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылында жерлесіміз, халық ақыны Медет Жиенбайұлының есімі көше атауына берілді.

«Өрісті өлкенің өр тұлғасы» тақырыбында ұйымдастырылған тарихи танымдық іс-шараның тізгінін қолына алған аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері, ауданның Құрметті азаматы Зәуреш Демеуқұлова тіршілігінде Іле-Балқаш, арысы Жетісу өңірінде  қайым айтыстың үлгісі мен қыз бен жігіт айтысының үрдісін  танытқан Медет ақынның есімі қайта жаңғырып жатқандығын тілге тиек етті. 

 

Сондай-ақ айтыс өнерінің дүлдүлі,   тұяғы мұқалмас тарлан жырдың тұлпары, жыр қанатының сұңқары, жауһар жырдың жампозы атанған халық ақыны -  Медет Жиенбайұлы жайында деректер мен дәйектерге кеңінен тоқталып, шараға қатысушы құрметті қонақтарға сөз кезе-гін берді. Аталмыш шарада сөз кезегін алған ауданның Құрметті азаматы Сапар Сәтбаев, Көкжиде ауылының байырғы тұрғыны Кеңесхан Мұртбосынов және Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бекзат Орынбаев және ақынның  ұрпақтары Медет Жиенбайұлының шығармаларына кеңінен тоқталып, ақынның есімі көше атауына беріліп жатқаны келешек ұрпаққа өнегелі іс екенін әңгіме өзегіне айналдырды. 

Ал Ақдала ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Медет Жиенбай-ұлының ұрпағы Бекен Шыбықбаев ақ батасын беріп, ал Көкжиде ауылының имамы Ғабит Өмірзақов ақын рухына Құран-кәрім бағыштады.

Бұдан соң көше атауының лентасын қию рәсімі жасалды. Бұл тарихи сәтті көптен күткен көкжиделіктер шашу шашып, қуаныштарын еселей түсті.

Аталмыш шара аясында Медет Жиенбайұлының рухына арнап ас беріліп, ол жерде де Құран-кәрім бағышталып, ақын жайында естелік әңгімелер айтылды.

Ақын өмірден өтсе де оның жүрегінен шыққан, күміс көмейінен халқының құлағына жеткен, санасында сақталған жырлары қаншама жылдар өтсе де оны ұлықтайтын ұрпағы барда ешуақытта ұмытылмайды деп білеміз.  Ал ақынын ардақтап, данқын көкке көтеріп, оның есімін ұрпақ санасына ұмытылмастай сіңірген  халық- өз қолындағы байлығын бағалай білгендігі.

 

Ел-жұртына табиғи дарынымен танылған халық ақынын жерлестері осылайша ұлықтап, оның екінші

ғұмырының басталғаны  сол ауылдағы өсіп келе жатқан өреңдердің санасына дарын есімінің дәнін себеді.                                                     

                                                                                                                             Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр