МЕДИЦИНА МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

009b407c-7f4e-4c6c-959b-9e3f20178f3b.jpg

Тәуелсіз мемлекетімізде маусым айының әр үшінші жексенбісі  — Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Бұл күні елімізде денсаулық сақтау саласының  мамандары ерекше сый-құрметке бөленеді.

Осы аптада Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай аудандық Мәдениет үйінде  «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» тақырыбында аталып өтті.

Мерекелік шарада жүрек қалауымен өз өмірін денсаулық сақтау саласына арнаған барлық медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтау үшін мінбе төріне көтерілген аудан әкімінің міндетін атқарушы Азат Құтпанбетов өз сөзінде: «Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту - еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Ауданымызда да денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып келеді. Аталмыш салаға бөлінетін қаржы да жылдан-жылға артып, аудандағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да жаңартылуда.

Ауданымыздың медицина саласында: аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы,  обаға қарсы күрес мекемесі, аудандық  Орталық аурухана, инфекциялық бөлім  және 6-фельдшерлік амбулаториялық пункт, 8-медициналық пункт және 7- дәрігерлік амбулатория халыққа медициналық қызмет көрсетеді» деп, аудан көлемінде медицина саласына өлшеусіз еңбек сіңірген ардагер дәрігерлермен бүгінгі таңда еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерінің есімдерін ерекше атап өтті.

Азат Үкітайұлының құт-тықтауынан кейін кезек марапаттауға берілді. Марапаттау барысында Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбектері үшін  аудандық Орталық аурухананың  тері аурулар дәрігері Мейрамбек Құдагелдиевке «АЛТЫН ДӘРІГЕР»,  тіс дәрігері Бақыт Малтабароваға  «Стомато-логиялық қызметтің үздігі» және қабылдау бөлімінің аға мейірбикесі Қалдыкүл Есімбековаға «МЕЙІРІМ» төс-белгісі табысталды.  Сонымен қа-тар Жастар денсаулық орталығы кабинетінің мейіргері Жарас Асхатұлы, Нұршат Нүркенұлы облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлының Алғыс хатымен, Топар дәрігерлік амбулаториясының кіші бибісі Айгүл Шымырбаева, терапия бөлімінің мейірбикесі Нұргүл Сейдахметова, хирургия бөлімінің мейірбикесі Әлия Қанатбекова «АMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталса,  Бура медициналық пунктінің мейірбикесі Ай-нұр Байтемірова, Миялы фель-дшерлік акушерлік пунктінің фельдшері Мадина Қуанышхан аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, ал Бақбақты дәрі-герлік амбулаториясының кіші бибісі Айман Жылысбаева, Желтораңғы фельдшерлік пунктінің мейірбикесі Лаура Мұратқызы, Құйған дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Айжан Елгезерқызы, Қарой дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Динара Рашитова, Көкжиде медициналық пункттінің мейірбикесі Әсел Мамырбаева, Ақдала фельдшерлік пунктінің мейірбикесі Әлима Нұрымқызы, Көктал фельдшерлік-акушерлік пунктінің кіші бибісі Майгүл Молдақынова, Бірлік дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Әсел Елеубаева және тағы басқа ақ желеңді абзал жандар кәсіби мерекелеріне орай марапат ие-герлері атанды.

Сондай-ақ аудан көлемінде медицина саласында еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары республикалық, облыстық және аудан әкімінің  Алғыс хаттармен және Грамоталармен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін әдеттегідей аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға кезек беріліп, аудан өнерпаздары сахна төрінде кезекпен шығып, медицина қызметкерлеріне арнап әндерін орындап, мерекелік шараның көрігін  қыздыра түсті. 

 

Ақ желеңді абзал жандардың еңбектері ерен. Олар күн-түн демей жұмыс жасап, Гиппократ антына адалдықтарын танытып келеді. Тоқтаусыз өтіп жатқан уақытпен санаспай, науқастың жанын сақтап қалу үшін қолдарынан келген барлық жағдайын жасап, жанын салып еңбек етіп жүрген ақ желеңді абзал жандарға қандай құрмет көрсетілсе де олар оған лайықты.

                                                                                      Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр