ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ҚАШАНДА МАҢЫЗДЫ

5350c3c6-0360-42b3-ab25-82a304de9c61.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының кеңейтілген отырысын тікелей эфирден көрдім. Алқалы жиында мемлекет деңгейінде салмақты әрі өзекті мәселелер талқыланды.

Мамыражай мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін құс қанатымен жеткізгендей әсерге бөлейді. Тәуелсіз еліміздің әр мерекесі мен үшін ыстық. Айнала шуақ нұрға ма-лынған. Бірлік болған жерде тірліктің де мәні бар. Мұны халық түсінгелі қашан?! Ең бастысы ел аман, заман тыныш болса екен.

Бүгiнде 130 - дан астам ұлтты ұйыстырып отырған 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесiнiң мерейі үстем. Бұл күн - бір шаңырақ астында бақытты өмiр кешкен халықтарды етене жақындастыра  түсетін тағылымды мереке. Халкымызда туған жер - алтын бесік деген сөз бар. Баршамыздың ортақ Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан бiздiң бiрлiгiмiздiң алтын бесігі. Қашанда береке бастауы-бірлік болған. Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамып отырғаны - елiмiздегi жүрегi бір, тілегі ортақ түрлі этнос өкілдерінің жарасымды өмір сүруінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететiн де, елiмiздi жаңа белестерге жетелейтін де - бiздiң ауызбіршілігіміз болып табылады. Бiрлiгi берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдiң ғана ырысы артық.

Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз - елдiң ынтымақ, бірлігі. Қазақ халкынын ата - бабасы ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Азаттықты аңсап, тәуелсіздікті, теңдiкті, елдікті көкседі. Сан жылдық аласапыран шайқас, күрес, қақтығыстардан арылып, татулықтың туы желбіреген бейбіт ел болуды армандады. Соның бәрiн артқа тастап, тәуелсіздік таңына талып жеткен қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесiгінде тербеліп отыр десек артық емес.

 

             Гульбаням Ахунжанова, ұйғыр ұлтының өкілі:

                                               Бақанас ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР