БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ ОЗАДЫ

 

4b6a3824-e9bd-46ed-9b84-81fa2b57f2a1.jpg

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының кеңейтілген отырысын тікелей эфирден көрдім. Алқалы жиында мемлекет деңгейінде салмақты әрі өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген күмәнді пікірлерге жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Яғни, ол өз сөзінде ұйымның болуы қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыратын, онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі екендігін тілге тиек етті.

Шынында да  Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі түрлі этникалық топтардың мүдделерін қорғауға және ілгерілетуге бағытталғаны сөзсіз. Ол ұлт бірлігін сақтау мен нығайтуда үлкен рөл атқарады.

Қазақ халқында «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген қанатты сөз бар. Әрине бұл сөздің төркін байыппен түсінсең, бірлігі жарасқан ел әрқашанда ынтымағы мен бірлігі жарасып, кез-келген түйінді мәселенің күрмеуін келісіп  шешеді дегенді білдіреді. Біздің елімізде де көптеген іс-шаралар халық арасындағы ынтымақ бірлігінің арқасында оң шешімін тауып жатыр. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Халықаралық қоғамдастықта еліміз Қазақстанда тұратын және Қазақстанның біртұтас халқын — қазіргі заманғы және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекетті белсенді құрып жатқан халықты білдіретін барлық ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті ішкі саясатты жүргізетін ел ретінде танылды.

Николай СИНОГИН, Балқаш ауданы, Құйған ауылының тұрғыны.

 

  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР