12 СӘУІР ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ

27b0e727-7b7c-47a9-a4cc-e688e19a2c08-696x599.jpg

Осыдан 62 жыл бұрын яғни, 1961 жылы 12 сәуір күні Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен алғаш рет ғарышқа ұшқан болатын.   Содан бері  «Байқоңыр» ғарыш айлағы ғылымның ең озық саласы үшін үздіксіз қызмет етіп келеді.

1968 жылы 12 сәуірде Халықаралық авиация федерациясы Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні ретінде атап өтсе, 2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні ретінде атап өту жөнінде қарар қабылдады.
            Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде барлығы 38 елден 550-ге тарта ғарышкер Байқоңырдан ғарышқа сапар шегіп, адамзат дәуіріндегі жаңа ғылым ғасырының сара жолын жалғастырып келеді.
Халық қаһарманы атанған қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтер туралы аңызға бергісіз әңгімелер де аз емес. Тоқтар Әубәкіров еліміздің тұңғыш ғарышкері болса, Талғат Мұсабаев – ғарыш кеңістігінде 341 тәулікке созылған 3 ғарыш экспедициясына қатысқан қаһарман. Ашық ғарыш кеңістігіне 8 рет шығып, 42 сағаттан астам уақыт болған тұңғыш қазақ Т. Мұсабаевтан соң тәуелсіз Қазақстанның атын айдай әлемге тағы бір мәрте паш еткен Айдын Айымбетовте өзінің батырлығын көрсетте білді. 

Біз әлем өркениетіне өзгелермен тең дәрежеде қол соғып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген ел ретінде мақтанамыз.
Қазір ғарыш кеңістігінен жер планетасын бақылау мен қадағалау мен осыған байланысты инновациялық міндеттермен «Қазғарыш» компаниясы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы, Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы, Республикалық ғарыш байланысы орталығы және «Ғалам» кәсіпорны сияқты ұйымдар айналысады.
Олар ғарыш жүйесін, жердегі инфрақұрылымдарды пайдалану мен құруды, жобалауды, алыс-жақын ғарыш кеңістігін зерттеу қоса жүзеге асырады.
       Сондықтан еліміз еңсерген жаңа белестерге қол жеткізген ғарышкерлерімізге мың алғыс айта отырып, айтулы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтаймыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі берік болып, ел іші тыныш, ұрпақтарымыз бақытты, күніміз жарқын болсын, ағайын!

                                                    Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР