12 СӘУІР ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

70280323a94c644d5d8b4325a40f2e88_original.48463.jpg

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасында ғылым мен білімді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып, қолданысқа енгізілді. Бұл құжаттың кейбір тармақтары 2022 жылы іске қосылды. Мәселен, президенттік «Жас Ғалым» бағдарламасы аясында және жас ғалымдарды қолдау мақсатында былтырдан бері жыл сайын 1000 арнайы грант бөлініп келеді.

 Аталмыш бағдарлама аясында қазірдің өзінде 500 дарынды жас ғалымдар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында білім алуда. Сонымен қатар жетекші ғалымдардың еңбекақысын базалық қаржыландыру үшін 85 ғылыми-зерттеу институттары ашылуда. Сондай-ақ 16 ғылыми ұйымның құжаттары жаңартылып, қолданысқа енгізілді.

 Тұжырымдаманың пайдасы орасан зор деп есептеймін. Өйткені ғылымды адам өмірінің әртүрлі салаларындағы барлық мәселелерді шешуге, елдің ғылыми экожүйесін жақсартуға және жаңартуға бағытталған, бұл ғылыммен айналысатын адамдар санының өсуіне табиғи әсер етеді.  «Тыңдаушы мемлекет» ретінде басқа Тұжырымдаманың құралдарын пайдалану арқылы бюрократия мен қағазбастылықты жойып, бұл саланы ел азаматтары үшін ашық және қолжетімді ету жоспарлануда.

Осы орайда арнайы сандарға жүгінетін болсақ, 2021-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру екі есеге жуық артты. Ал 2020 жылы – 89,0 млрд теңге, қаражат бөлінсе,  2021 жылы – 109 млрд теңгеден астам қаражат мақсаты жұмсалған. 2023-2025 жылдар аясында ғылымға 643 миллиард теңге инвестиция тартылып, оның бюджеті 3,5 есеге артады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік тарапынан 6,9 млрд теңге тартылады деп күтілуде.

Осы тұжырымдама аясында бөлінген гранттардың арқасында ғалымдардың орташа жалақысы екі есеге өсті.  Тұжырымдама аясында бөлінген қаражатқа қысқаша тоқталып өтсек, 2021 жылы – 152 мың теңге бөлінсе, 2022 жылы – 252 мың теңге бөлінген. 2022 жылдан бастап ғылыми-зерттеу институттарының 700 жетекші маманы базалық қаржыландыру арқылы еңбекақы ала бастады. Енді олар гранттық қаржыландыруға тәуелді болмайды. Ұлттық ғылыми кеңес қабылдаған шешімдердің объективтілігі мен мақсатқа сәйкестігін тексеру мақсатында апелляциялық комиссия құрылды. Ғылыми армияның құрамы да жасарған – 40 жасқа дейінгі ғалымдардың жасы 46 пайызды құрайды.

 Жобалардың іске асуы үшін ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды коммерцияландыруға тоқталатын болсақ, онда оларды конкурс арқылы қаржыландыру 27 пайызға өскен. Жалпы, 2020-2022 жылдар аралығында коммерциялық ғылыми жобаларды жүзеге асырудан бюджетке 5,2 млрд теңге салық түсті. Бір жарым мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды.

                                                                Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР