Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

tүrik.jpg


Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Taşyapı Inşaat Taahhüt San. Tıc. A.Ş» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірдің алдағы дамуы аясында TAŞYAPI тобының қызметін дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік даму орталығы хабарлады.

Компания жеке жобалар бойынша заманауи тұрғын үйлерді салу үшін әмбебап үй құрылысы комбинатын салуды және іске қосуды, комбинаттың толық өндірістік қуатына мерзімінде шығуын қамтамасыз етуді және өзіндік құны төмен тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың жылдам салынуын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Алматы облысының индустриялық аймағында — Қонаев және Алматы қалалары арасында орналастыру бойынша 5 гектардан учаске бөлу, мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша мәселелер қаралып жатыр.

Жобаның құны 10 000 000 доллар. Жоба шеңберінде 250 жұмыс орны құрылып, кейін кезең-кезеңімен 500-ге жетеді.

Компания «Taşyapı Inşaat Taahhüt San. Tıc. А. S» Түркиядағы жетекші құрылыс компанияларының бірі және өнеркәсіптік, тұрғын-жайлы қалаларды салуға маманданған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық реформа - не өзгерді?
  • Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал Указ о присвоении звания «Қазақстанның Еңбек Ері»
  • Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.
  • ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫСЫ – ҚАУІПСІЗДІК НАЗАРДА
  • Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева