ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


8e306d16-e8c4-48a3-a530-9e2bbaddb4c4.jpg

Осы аптаның сәрсенбісі күні аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен заңсыз балық аулауға тыйым салу бойынша профилактикалық іс-шаралардың жүзеге асыру жөніндегі ведом-ствааралық жиыны болып өтті.

Аталмыш жиынға аудан прокуроры Айдын Раев, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруа-шылығы инспекция басшысының орынбасары Ринат Маратұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Наушаев және  бірқатар табиғатты қорғау бөлімінің мамандары қатысты.

Жиынның жүргізу тізгінін өз қолына алған аудан прокуроры Айдын Разбекұлы  жиынға қатысушы қонақтарға су айдындарында балық аулауға тыйым салу кезеңі жыл сайын 5 сәуір мен 1 маусым аралығында өткізілетінін, осы бағытта ат-қарылып жатқан жұмыстар мен биылғы жылы алға қойылған мақсаттарды атап өтті. Сондай-ақ аудан көлеміндегі заңсыз балық аулау - өзекті мәселе екенін, уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынатынын және бұл жағдайға барлық табиғатты қорғау саласының мамандары бірлесіп қарсы тұруы қажеттігін тілге тиек етті.

Сонымен қатар сот үкімімен соңғы бір жылдың ішінде заңсыз балық аулаған 11 адам қылмыстық жауапқа тартылғанын, оның біреуі 5 жылға бас бостан-дығынан айырылғанын және 7 моторлы қайықтар мемлекет меншігіне тәркіленгенін, келтірілген шығындар бойынша 6 миллион 400 мың теңге залал өндірілгенін, одан бөлек 27 адам әкімшілік жауапқа тартылғанын атап өтті.

Аудан прокуроры электр тоғымен балық аулаудың ауыр зардаптары бар екенін айтып, осындай қаскөйлікпен  балық аулаушыларды қылмыстық жазаға қатаң тарту мәселесін де көтерді.

Келесі кезекте сөз алған жиынға қатысушы табиғат жанашырлары да заңсыз балық аула-ғандарға тиісті жаза қолдану қажеттігі жөнінде өз ойларын ор-таға салып, ашық пікір алмасты.

Ведомствааралық жиналыс-тың нәтижесімен уәкілетті органдардың биылғы жылға арналған біріккен жұмыс жоспары бекітіліп, уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілді.

                                                           

 Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР