ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

d5d602ce-4739-4418-b605-cc4771c44688.jpg

Осы аптада аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңес отырысында ауданның тыныс-тіршілігі жайында келелі мәселелер ортаға салынып, өзара талқыланды.

Жиында алғашқы болып сөз алған Бақбақты ауылдық округінің әкімі Айдархан Түймебаев атқарған жұмыстары туралы өзінің баяндамасын жасады. 

Баяндамашыға сұрақ қою барысында аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Сайран Смағұлов Бақбақты ауылына кіреберіс жерге ауыл атауын қашан  жасайсын? деген сауалын қойды.  Сонымен қатар ауыл тазалығы және бақбақтылықтардың қоқыс төгетін белгіленген орынға тұрғындар ретсіз қоқыс тастап жатқанын айтып, алдағы уақытта қоқыс төгетін орынды басқа жерге ауыстыру жөніндегі ұсынысын іркіп қалмады.

Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша  аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дархан Төлеубектің  баяндамасы тыңдалды.

Мұнан соң Қоғамдық кеңестің күн  тәртібі бойынша тағы да бірқатар мәселелер талқыланды.

Баяндамалар аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңестің мүшесі Сайран Сейткемелұлы мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге арзандатылған азық-түлік түрлері берілгені жөнінде тұтынушыларға ешқандай хабарлама жасалмағынын айтты. Тұтынушылар қандай дүкен сөрелерінде қолжетімді бағада азық-түліктер сатылып жатқанынан бейхабар екенін және де бау-бақша өнімдерін егу мәселесімен барлық ауылдық округ әкімдері тұрақты түрде айналысу қажеттігін айтып өтті. Және де аудан көлемінде көкөніс сақтайтын қоймалар салу мәселесін де наразға салып өтті. 

Жиынды жүргізген аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытбек Рахымбаев аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин көшесіне салынып жатқан автомобиль жолымен жаяу жүргіншілерге арналған жолдың құрылыс жұмысы  ұзақ мерзімге созылып кеткенін айтып, жауапты мердігерге құрылыс жұмыстарын сәуір айында жалғастыруды талап ету мәселесін көтерді. Ал Сайран Смағұлов аудан орталығындағы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы жақта салынып жатқан 5 қабатты жалгерлік тұрғын үйдің құрылыс алаңына кіретін қақпаны өзгерту жөнінде ұсынысын білдірді. Себебі, тұрғын үйдің құрылысына қолданылатын техникалардың мектеп оқушыларына қауіп төндіретінін және алдағы күндері жаңадан төселетін тас жолды жүк көліктері рәсуә етпеу үшін осындай шараларды қолға алуға кеңес берді, сонымен қатар жаз мезгілінде аудан орталығындағы көшелерге және жая жүргіншілер жолдарына  су себілсе деген ұсынысын жеткізді. Жоғарыда аталған жұмыстардың өз деңгейінде жасалуына бақылау жасау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің міндеті екенін баса айтты.

Осылайша Қоғамдық кеңесте келелі мәселелер көтерілді.

 

                                                                                   Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР