ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

a21657a0-e76a-4658-87e4-b35a67436463.jpg

Адам өмірінде тұрғын үй жайы-негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, еліміздегі барлық азаматтардың әлеуметтік жағдайы олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты.  Осы мақсатта  аудан орталығы Бақанас ауылынан жыл сайын жалгерлік тұрғын үйлер салынып, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болуда. Бұйыртса биыл да тұрғын үй кезегінде тұрған бірқатар аудан тұрғындары баспаналы болады деп күтілуде.

Өйткені былтырғы жылдың қыркүйек айында аудан орталы-ғынан іргетасы қаланып, бүгінде құрылысы қарқын алған 30 жалгерлік  тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қыркүйек  айына дейін толыққанды аяқталып, халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

2022-2023 жылдарға ар-налған ауыспалы құрылыс нысанының жұмыс барысымен осы аптаның сейсенбісі күні аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айбын Жұмабековпен бірге барып құрышқолды құрылысшылардың жағдайымен жақын танысып қайттық. Жылдың барлық мезгілінде тоқтаусыз жұмыстарын жасап келе жатқан «Асан М Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс бөлімше басшысының айтуынша бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 50 пайызы жасалынған екен.

Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына зер сала қарағанымда 30 тұрғын үйлердің қабырға кірпіштері қаланып, шатыр қағатын қарағайлары орнатылыпты. Жұмысшылар тобының құрамында бірқатар аудан азаматтарының жұмыс жасап жүргенінде байқадым. Солардың бірі Бақанас ауылының тұрғыны Шыңғыс Гвенеидзе қарағайлардың орнатылу реттігін есептеп  жүр екен. Ал, Фархат Бердіқұлов пен Айдос Досымбаевта өз жұмыстарын тиянақты атқаруда.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айбын Жұмабеков әңгіме барысында «Аудан орталығында салынып жатқан 30 жалгерлік тұрғын үйлердің бас мердігері - «Асан М Компани» ЖШС-гі болса, техникалық бақылаушысы- «Әсем-құры-лыс-Қызылорда» ЖШС-гі, ал авторлық бақылаушысы- «ГеодезияСервис» ЖШС-гі.  Құрылыстың ұзақтығы 16 айды құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр» деп, осы жұмыстарға қандай техникалар  жұмылдырылғанына және қанша адамның жұмыспен қамтылғанына қысқаша тоқталып өтті.

Тұрғын үйлердің сапалы болып соғылуы құрышқолды құрылысшыларға тікелей байланысты екені айдан анық. Сондықтанда олардың қалаған әрбір кірпіші мен қаққан шегелері өз үйлесімін тауып тұрса, үйдің іргетасы да берік болады. Қарбалас құрылыс жұмыстары өз қарқынын әрі қарай үдетсе тұрғын үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарының  қоныстойларын тойлайтын күнде алыс емес.

                                                                                                                                                

                                                                                                                              Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, "Балқаш өңірі".


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР