ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙДАН ҚИЫНДЫҚ КӨРМЕДІК

a6231c94-0eef-440f-83ec-e7a58d4a50d9.jpg

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, оның алдағы уақытта бағасының қымбаттайтынын айтып, елді елең еткізді. Бұл жағдайда дала төсін дүбірге бөлеп жүрген диқаншылар үшін жағымсыз жаңалық екені жасырын емес. Дизель бағамының өсуі ең алдымен табиғи рессурстарымыздың таусылуының алдын алу деп ойлаймын.

Мен өзім егін егумен тұрақты айналысатын диқаншы болғандықтан жанар-жағар майдың бағасының қымбаттауын аса қаламаймын. Өйткені жанар-жағар май қымбаттаса егіннен жинаған өнімнің де бағасын көтеруге тура келеді. Меніңше қымбатшылыққа қатты ұрынбау үшін халықтың айлығында өсіру керек шығар. Баға тұрақтылығы сақталса қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі де аса қиындамас еді. Енді бұл нарықтық жағдай болғандықтан түсіністікпен қарайтынымызда жасырын емес.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 50 тонна дизель отыны жұмсалды. Бұл мемлекет тарапынан берілген арзандатылған жанар-жағар май болғандықтан аса ауыртпалық болмады. Егерде осылай егін  егумен тұрақты айналысатын шаруашылықтарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер  жасалып тұрса, диқаншылар үшін әжептеуір жеңілдік.

ҚР Энергетика министрі өз сөзін қортындылай келгенде бағадағы айырмашылық мәселесін қазір қолға алмасақ, алдағы уақытта біз үлкен тапшылықтың куәгері боламыз. Бұдан басқа, экономикалық маңызды саланы дамыту мүмкіндігінен айрылып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер ететіні тілге тиек етті.

Менің ойымша ең бастысы  ішкі нарықта ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін отын өндіру мен бөлуді оңтайландыру және қымбат импорттық отынға тәуелділікті азайту үшін стратегиялық жоспарлау қажет.  Қазақстанның жанармай нарығындағы тиімді позициясы экономикалық өсу мен қомақты пайда алу үшін мүмкіндіктер жасау керек. Дегенмен, бұл мақсаттарға жету үшін үкімет ішкі және халықаралық мүдделерін теңгеріп, елдің экономикалық дамуын қолдайтын тұрақты энергетика секторын құруға күш салуы қажет деп ойлаймын.

Алмас ҚЫСТАУБАЕВ, Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР