МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ӘДЕП САҚТАУЫ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) қабылданды. Бұл кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталып, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі 5 тараудан тұрады. мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқының жалпы стандарттары, қызметтік қатынастардағы және одан тыс уақыттағы, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары қарастырылған. Осы тарауларда мемлекеттік қызметшілердің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Осы талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын, адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн. Мемлекеттік қызметшілердің жеке өмірінде де тиісті заң талаптарына толық сай болып, өз ісімен өзгеге үлгі болуды естен шығармағаны дұрыс. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі- мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қоюында. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілердің моральдік бет-бейнесі мен этикасына сырт келбеті де сай болуы қажет.

 

Айбар ӨГІЗБАЕВ, Көктал ауылдық округінің әкімі.          


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
  • жылыту маусымы нәтижелі аяқталды
  • Алматы облысында 25 жылдық кепілмен салынған жолдардың жағдайы депутаттық сынға ілікті
  • В Алматинской области состояние дорог с 25-летней гарантией вызвало резкую критику депутатов
  • Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді