БАСКЕТБОЛШЫ АРУЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ!

6dc1c793-710d-4754-98cf-d14c8f02c17d (1).jpg

23-27 наурыз күндері аралығында Талғар қаласында облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттық мектеп лигасы» 5-6 сынып оқушы қыздар арасында баскетболдан «Алтын доп»   турнирі болып өтті. Аталмыш спорттық сайысқа аудан орталығындағы  Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия  оқушылары қатысып, жүлдемен оралды.

Облыс көлемінде ұйым-дастырылған спорттық бәсеке барысында 8 команда сынға түсіп, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңімпаздарды анықтады. Спорттық шараны қорытындылай келгенде жерлестеріміз ІІІ-ші орынды иеленіп, аудан абыройын асқақтатты.

Жас баскетболшылардың осындай жетістікке қол жет-кізгендері Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Елдар Елгелдінің сіңірген еңбегі орасан.

Облыстық байқауда өз өнерлерін көрсетіп жеңіс тұғырынан көрінген команданың құрамына тоқталар болсақ, олар Аружан Саин, Томирис Фермахан, Балжан Жұбанқызы, Мадина Әбілқадір, Назерке Жарқынбек, Інжу Жаханша, Жұлдызай Ғалымқызы, Іңкәр Омархан, А. Мыңжасар.

Марапаттау барысында ко-манданың жас ойыншысы Томирис Фермахан «Үздік ойыншы» танылып марапатталды.

 

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, спортпен үнемі  шыныққан адам қашанда өзін сергек сезініп жүреді. Дене шынықтыру сабағында өздерінің спортқа бейімділігін көрсетіп, баскетбол  спортымен тұрақты айналысып жүрген осындай жасөспірімдерге қолдау көрсетіп, олардың жарыс-тарда жеңімпаз болуына әркез тілектес болайық, ағайын!

              Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР