ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

f40fafd4-6661-4c27-a626-45a3c949e861 (1).jpgf40fafd4-6661-4c27-a626-45a3c949e861 (1).jpg


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы «2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» №18 бұйрығы негізінде «2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңін өткізу туралы» Алматы облыстық білім басқармасының 27 қаңтар күнгі 51-н бұйрығы шықты. Аталған бұйрықта облыс бойынша, яғни барлық ауданда 30 қаңтар – 03 ақпан аралығында мектеп оқушылары үшін пәндік олимпиада өткізу міндеттелді. Олимпиаданы өткізу кезінде қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы бойынша ашықтық, жариялылық сақталу қамтылды. Және академиялық адалдықтың сақталуы тікелей барлық аудандағы білім бөлімдерінің басшыларына жүктелді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы «Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары» туралы №99 бұйрығы басшылыққа алынды. Сонымен бірге олимпиаданы өткізетін орынды белгілеу, оқушыларды қажетті құралдармен қамту (атап айтқанда ноутбук, принтер, сканер) да ұйымдастыру алқасына міндеттелінді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.

- жаратылыстану-математикалық бағыт - математика, физика, химия, биология, география, информатика;

- қоғамдық-гуманитарлық бағыт - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі.

Аудан бойынша пән олимпиадасының аудандық кезеңіне 13 пән бойынша 9-11-сынып оқитын оқушылардан 275 оқушы қатысты. Оның ішінде 21 оқушы жүлделі І-ші орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. 168 оқушы ІІ және ІІІ орындарға ие болды.

Олимпиаданың екінші аудандық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізілді. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы»  ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өтті.

Облыстық білім басқармасы басшылығы олимпиаданың өту барысын әлеуметтік желілілерде жариялауды да басты міндеттердің бірі деп белгілеген.  Сондықтан балалар олимпиадаға "Ел үміті" платформасында қатысып, проторинг болды, әрекеттердің әр минут сайынғы жазылуы жүрді, балалар мен әділқазы мүшелерінің жұмысы ютуб желісінде тікелей көрсетілді, жұмыстары білім бөлімдерінің сайттарында жарияланды.

Аудандық олимпиада кезінде кабинеттерде артқы жақтан бір мұғалімнен бақылаушы қойылды, олар экран көрініп тұратындай жерден бақылап отырды. Олимпиаданың өтуі жайында оқушылар мен ата-аналар тарапынан ешқандай арыз-шағым болған жоқ. Бұл орайда, олимпиада жұмыстарын тексеру мақсатында құрылған комиссия мүшелерінің білімділік танытуы, адалдығы, аудан білім саласына жанашырлығы үшін алғыс білдіргіміз келеді. Сондай-ақ олимпиада өтетін сыныптардағы кезекшілердің де еңбектерін атап өткенді жөн көрдік.

Және бір айтарымыз, аудандық олимпиада өтті. Жүлде алмаған оқушыларымыз да бар. Оларға дайындықты күшейтіп, алдағы жылдары үлкен дайындығын көрсетіп, жүлделерге ие болуларына тілектеспіз.

Айгерім Тұрсынбекова, аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр