СӨЗ МАРЖАНЫН ТЕРЕ БІЛГЕН

Мұқағали-шынары қара өлеңнің,

Менде құмар сол жырға жас өренмін.

Жаныма жақындатқан көңіліңмен

Жаттаумен жырларын мен келемін.

 

Табиғат сұлулығын көре білген,

Өрнекті өлең жазып, өре білген.

Қазақтың қара өлеңін қастерлеген

Тереңнен сөз маржанын тере білген.

 

Балалық  балдауренін жырлай білген,

Үлкендердің кеңесіне құлақ түрген.

Достың да, туыстың да қамын ойлап

Жанашыр жақындармен бірге жүрген.

 

Отбасы, Отанын да ұмытпаған,

Ұлтының салт-дәстүрін ұлықтаған.

Мұқағали ақынның өлеңдері

Әр сөзі жалғаны жоқ шындық болған.

 

Көңілі кей жаманнан қалды ма екен,

Ақынның жатқан жері жұмақ мекен.

Артына өшпес мұра із                қалдырған

Ақынның рухына тағзым етем.

 

Гүлназ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА, Ақкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан
  • Қоғамның дамуына қатысуға құқық береді
  • Заң мен тәртіп