ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

d06a5c0e-62ae-476b-9e6c-d64db0ef1510.jpg

Өткен аптада облыстық мәдениет, архивтер және құ-жаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыстық халық шығармашылығы орта-лығының үйлестіруші әдіскері, жыршы-термеші, композитор Әділбеков Әбдіберік Баймұхан-бетұлы арнайы келіп, Ақдала ауылдық Мәдениет үйінің жанынан құрылған, халық ақыны Медет Жиенбаев атындағы ақындар орталығы мен жыр-шы-термешілер мектебінің шәкірт-терімен кездесіп, оқушыларға өзінің шеберлік сағатын өткізді. 

Сонымен қатар бұл мәдени іс-шараға аудандық Мәдениет үйінің директоры Фархат Жылгелдиев, аталмыш мектептің оқытушылары және бірқатар ауыл тұрғындары қатысты.

Ауданға арнайы атбасын бұрған Әбдіберік Баймұхан-бетұлы шеберлік сағаты барысында халқымыздың рухани құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның маңыздылығы жөнінде баса айтты. Сондай-ақ жыраулық өнердің қайта қалыптасуына өзінің үлес қосып жүргенін және осыған дейін де облыс деңгейінде бірнеше аудан орталықтарына барып, осындай шеберлік сағаттарын өткізіп, жеткіншектерге домбыра шертудің қыр-сырын үйретіп жүргенін әңгіме арқауына айналдырды.

Сөз орайы келгенде Ақдала ауылдық Мәдениет үйінің қасынан құрылған «Ақжайнақ» әжелер ансамбілінің жетекшісі Күнсұлу Сыланбаева 2022 жылы Ақдала ауылдық Мәдениет үйі «Ауылым-алтын бесігім» атты облыстық байқауға қатысып, жүлделі ІІІ-ші орын алғанын айтып, аудан халқының ұлттық өнерге деген көзқарастары оң бағытта екенін  іркіп қалмады. Сонымен қатар мектеп шәкірті Асын Бағнұр «Кеңес» күйін нақышына келтіріп орындап берді. Жас таланттың өнерін тамашалаған Әбдіберік Баймұханбетұлы риза-шылығын білдіріп, осындай өнерлі балалардың қатары көбейе берсін деген тілегін жеткізді.

Мәдени шараны қорытынды-лаған құрметті қонақ өзінің шығарған термесін нақышына келтіре орындап,  «Жыраулар сөзі – тарихтың көзі» кітабы мен «Елдік пен ерліктің шежіре жырлары» үнтаспасын таныстырып, шараға атсалысқан өнерпаздарға естелік ретінде сыйға тартты.

Кейінгі жылдары өнер сахнасында заманауи әндер кеңінен таралып, жыраулық өнердің кенжелеп,  ұлттық  салт-дәстүрдің ұмытылып бара жатқаны да жасырын емес.  Ендеше ұлттық өнер мен салт-дәстүрді қастерлеп,  бабалар мұрасын құрметтеп, рухани кемелді ұрпақ тәрбиелеуге ден қойған ұлтжанды азаматтарға қолдау көрсетіп, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектес болайық.

   

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр