Осы аптада аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында кеңес мүшелеріне есеп берді. Жиынды жүргізіп отырған аудандық Қоғамдық кең
естің төрағасы Бақытбек Рахымбаев күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы» есептік баяндамасын жасау үшін аудан әкімі Ғалым Қасымұлына сөз берді.
Аудан басшысының баяндамасынан кейін аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері ауданның тыныс-тіршілігі жө-нінде сұрақтар мен сауалдар қойды. Сұрақ пен жауаптың алмасу барысында Ермұхан Бейсенбаев Бақанас және Жиделі ауылдарын су тасқынынан қорғау мақсатында Іле өзені жағалауына бегіту жұмыстарын жүргізу жайы қаншалықты деңгейде екенін сұрады. Сонымен қатар Сайран Смағұлов ауданда көкөніс түрлерін қысқы мезгілде сақтайтын арнайы қоймалар бар ма? деген сұрағымен қатар, Іле өзенінің жағалауында жаз айларында суға шомылушыларға лайықты жағдай жасалса! деген ұсынысын іркіп қалмады. Сондай-ақ, Ғалымбек Әбдіқұлов Бақбақты ауылындағы қураған ағаштарды кесу және жас көшеттерді отырғызу мәселесі жөнінде өз пікірін жеткізсе, ал Жандос Әбдіжаппар табиғи газдың қашан қосылатыны жөнінде мәселе көтерді.
Қойылған сұрақтар мен кө-терілген мәселелерге құлақ түрген аудан басшысы айтылған барлық ұсыныс-пікірлердің ше-шілу жолдарын түсіндіріп, жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар жүктейтінін айтты.
Осы жиында көтерілген мәселелер шынында да өз өзектілігімен ерекшеленеді. Қо-ғамдық кеңестің әр мүшесінің көтерген мәселесі аудан әкімінің назарында болатыны сөзсіз.
Қорытынды сөз алған аудан басшысы Қоғамдық кеңестің мүшелері тарапынан бүгінгі көтеріліп отырған өзекті мәселелердің түйінін тарқату жолында еңбек ететінін жеткізді.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».