Осы аптаның жұмасы күні «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы болып өтті. Аталмыш конференцияға «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев арнайы келіп қатысты.
Конференция отырысында алғашқы сөз алған аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Данияр Садықбаев күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық партия филиалының атқарған жұмыстары және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы баяндамасын жасады.
Ал екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты Бибігүл Қамзинаға сөз берілді. Мінбе төріне көтерілген Бибігүл Қамзина «AMANAT» партия-сы Балқаш аудандық филиалы депутаттық фракциясының жұмысы туралы баяндама жасады.
Мұнан соң конференцияның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасын сайлау үшін, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Данияр Садықбаевқа ұсыныс берілді.
Конференция отырысына қа-тысушылар бірауыздан дауыс беріп, нәтижесінде «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы лауазымына Садықбаев Данияр Сұлтанұлы сайланды.
Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қуат Сұлтанұлы аудандық партия филиалының төрағасы Данияр Садықбаевтың жұмысына, сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
Өз тілшімізден.