Алғашқы аялдама «Семей инжиниринг» зауыты болды.
Айта кетейік, бұл орын 1987 жылы ашылғаннан бастап 2004 жылға дейін «бронды жөндеу зауыты» деп аталған.
Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына толық тоқталды. ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Семей медициналық университетінде болды.
Аталған университет Павлодар мен Өскеменде өз ауруханасы мен филиалдары бар елдегі ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Нысан 1953 жылы құрылған.
Резидент дәрігерлер және профессор-оқытушылармен кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Сондай-ақ, ҚР Президент-тігіне кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Кандидат жиналғандарға өзінің сайлауалды бағдарламасы жайлы айтып берді. Содан соң ақ желенді абзал жандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Айта кетсек, облыстық аурухана 1889 жылы ашылған. Қазіргі уақытта мұнда 1000-ға жуық адам жұмыс істейді. Облыстық аурухананың құрамына 6 зертхана, 12 клиникалық және 7 параклиникалық бөлімше, оның ішінде өңірдегі жалғыз кеуде және тамыр хирургиясы, проктология, көз микрохирургиясы, ортопедия бөлімшелері кіреді.
Аталмыш аурухана заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінде ауруханада Гиппократ антына адал ақ желенді абзал жандар күн-түн демей халық денсаулығын сақтауда.