НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ІС-ШАРАЛАР ЖӨНІНДЕ БАЯНДАДЫ

ad525ea5-f291-4b0b-968a-cda02c32b15b.jpg

2022 жылдың 6 қарашасында ҚР Президенттігіне Жалпыұлт-тық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев сайлауалды үгіт-насихаттың аралық нәтижелері жөнінде тікелей эфирде баяндап берді. Сонымен бірге кеше Астанада тығыз құрылысқа қарсы өткізілген митинг қорытынды-ларымен бөлісті.

Президенттікке кандидат атап өткендей, 2 апта уақыт ішінде сайлауалды штаб бірқатар іс-шаралар  атқарған. Оның ішінде өңірлерге, атап айтқанда, Қара-ғанды, Ақтөбе, Ақмола облыстарына, Шымкент және Алматы қалаларына сапармен барған. Одан бөлек бірқатар ауыл тұрғын-дарымен кездесулер өткізген.

Аймақтық сайлауалды штабтармен еліміз бойынша 30-дан астам үгіт-насихат шаралары жүзеге асырылған.

5 қарашада ЖСДП-дан кандидат Республикалық сайлауалды штаб ұйымдастыруымен өткен тығыз құрылысқа қарсы митингіге қатысты.

Іс-шара Пушкин және Ш.Құдайбердіұлы көшелері қиылысында орналасқан саябақ аумағында өтті.

Митингіге 50-ге жуық адам: партия белсенділері, сонымен бірге қала тұрғындары да қатысты.

Митинг қорытындысы бойынша резолюция қабылданды. Құжатта ЖСДП тұрғын үйлермен қатар балабақша, мектеп, аурухана, саябақтардың құрылысын міндеттейді.

Резолюцияда сонымен қатар экология, қажетті инфрақұрылым құрылысы, салынатын үйлердің сапасын арттыру қажеттілігі мәселелері көтеріледі.

Тағы да басқа мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр