АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

Ағаштың ауаны тазартқанымен қатар табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын көшеті де бар. Жаздың аптап ыстығында да, қақаған қыстың ызғарында да, жаңбырдан кейінгі ауаның ылғалдылығын, топырақтың құнарлығын, дауылдың екпінін сақтап адам өміріне пайдасын берері көп. Сондықтан, ағаш отырғызу ұрпаққа мұра қалдырғанмен пара-пар.

8101aff1-5bc8-43aa-b873-3857d4ee5a29.jpg


«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші 13 жылдан соң қайта тойланғалы отырған Республика күні қарсаңында аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов Сүндетбай болыс көшесіндегі саябақта ағаш көшеттерін отырғызды. Аталмыш іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімі, мекеме-ұйым басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.

9a72a63a-4f41-4f58-9bf4-ebd5caa79085.jpg

         Іс-шара барысында аудан бойынша 3200 түп ағаш отырғызылды. Атап айтсақ арша, қарағай, үйенгі тал және  аморф ағаштарының көшеттері отырғызылды. Отырғызылған жас көшеттер ертең жапырағы жайқалған үлкен бәйтерекке айналатыны жаздың ыстық күндерінде ауыл тұрғындарының жанына сая болары хақ. Бір жағынан өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, тағылымды тәрбие болатындығы даусыз.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • - На экспертной платформе в Астане обсудили роль партий в новой электоральной реальности
  • - Эксперты: политические партии становятся ключевым звеном между обществом и государством
  • - Эксперты обсудили правовые гарантии и политическую трансформация пред выборами в Курултай
  • - Курултай и новая Конституция: в Астане прошла экспертная встреча
  • - Эксперты: выборы в Курултай закрепят новую политическую модель