ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

сайран.jpg

Осы аптаның  сәрсенбісі күні «АМАNАТ» партиясының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері және мекеме-ұйым басшылары қатысты.

 

Кеңес отырысын жүргізуді өз қолына алған аудандық Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Сайран Смағұлов күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы  Дархан Төлеубекке сөз берді. Мінбе төріне көтерілген Дархан Төлеубек аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 2022 жылға атқарылған жұмыстары жөнінде дайындаған есептік баяндамасын жасады.

Мұнан соң Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауданда кәсіпкерлік саласын өркендету және наубайхана жұмысын жандандыру, сонымен қатар азық-түлік бағасы жайында жан-жақты талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Жиынды қорытындылай келгенде Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 02 қарашадағы №383 Заңына сәйкес, қоғамдық кеңестердің қоғамдық бақылау саласындағы өкілеттіліктерін іске асыру 4-тарау, 23-бабына сәйкес, жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіліп, есепті тыңдау нәтижелері бойынша шешім қабылданды.

 

Жалпы, билік пен қоғам арасындағы байланыстың дәнекері саналатын Қоғамдық кеңестің жұмыстары жүйелі әрі жоспарлы болса, қоғамдағы кез-келген күрделі мәселелердің өз шешімін табуына септігін тигізіді. Айқын мақсатты өткізілетін Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы да осы мәселені алдағы күндері жүйелі жүргізуді көздеп отыр.

                                                                               

 

Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр