АСА МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ ДЕП БІЛЕМІН

Диханбай ҚҰЛТАЕВ, ауданның Құрметті азаматы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Жолдауын тыңдап мынадай ой қорыттым.

Жолдау ел болашағына нық сенім ұялататын, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын өркендететін, Жаңа Әділетті Қазақстан құрудағы аса маңызды қадам болды деп санаймын.

Жолдауда белгіленген реформалар азаматтардың сөз бостандығы мен жеке бастарының құқықтық нормаларына және ұлт мүддесін қорғайтын бастамаларға негізделген. Білім беру сапасын арттырудағы ерекшеліктер халық ойынан шықты. Осы тақырып аясында заманауи ұлттық мектеп, бәсекеге қабілетті медицина мамандарының, балабақша мұғалімдерінің мерейін өсіретін: олардың мүдделерін қорғау, әлеуметтік жағдайларын жақсарту, білімі мен біліктілігін арттыру сынды өзекті мәселелер қамтылды.

Сондай-ақ, Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50%-ы балалардың арнайы ашылған шоттарына аударылатыны да құптарлық іс болды деп санаймын. Дәлірек айтсақ, бұл Жолдау мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, әлеуметтік қордаланған мәселелер мен экономикалық ахуалды жік-жігімен таразылап берді.

 Биылғы 20-шы қарашаға тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауы да алдағы уақытта қуатты Жаңа Қазақстан құруды жылдамдататынына бек сенімдімін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан ел болашағының жарқын көрінісін көрдім!

                                                                                                                                          

                                                                                                                                         Желтораңғы ауылы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық реформалар - уақыт талабынан туындады
  • Глава государства вручил звание «Қазақстанның Еңбек Ері» Ерванду Ильинскому
  • Сегодня стартует Digital Qazaqstan 2026: новый цифровой формат трансформации
  • Digital Qazaqstan 2026: участники ЕМПС ознакомились с достижениями цифровой индустрии Казахстана
  • Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты