КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

аманат123.jpg

Осы аптаның бейсенбісі күні «АМАNАТ» партиясы Балқаш аудандық филиалының ХХVІІІ-ші кезектен тыс есеп беру-сайлау Конференциясы болып өтті.

Келелі жиынды «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Садықбаев жүргізіп,  күн тәртібіндегі негізгі мәселе «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы баяндамасын жасады. Мінбе төріне көтерілген «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Сұлтанұлы өз сөзінде алдымен  конференцияның негізгі мақсатына баса тоқталып, «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жолында атқарылатын жоспарлы жұмыстар жайында айтып өтті. Ел мүдесі үшін атқарылатын маңызды мәселелердің бірі-Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ел экономикасының  артуы тағы басқа маңызды мәселелерді тілге тиек етті.

 Келесі болып сөз кезегін алған мандат комиссиясының төрайымы  Гаухар Мақатай белгіленген өкілеттілік нормасына сәйкес «АМАNАТ» партиясы Балқаш аудандық филиалының ХХVІІІ-ші кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясына 51 делегат қатысып отырғаны жөнінде хабарлап, сайланған делегаттардың тізімін оқыды. Сондай-ақ оларды бекіту жөнінде ұсыныс беріліп, делегаттар бірауыздан сол ұсынысты қабылдады. 

 Ал конференцияның күн тәртібіндегі  екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ-шы конференциясына қатысатын делегаттар бекітілді.

Мұнан соң аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев сөз кезегін алып, конференцияға қатысушы делегаттарға алда атқарылар ауқымды жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып, ауызбірлікте жұмыс жасауға шақырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Ел мүддесі үшін атқарылатын маңызды жұмыстардың жоспарға сай оң бағытқа қадам басқаны, бірлігі бекем елдің болашағының айқын көрінісі. Тұғырына тұрақтаған тәуелсіздігіміздің тар жол тайғақ кешпеуі үшін байырғы бірлігімізді жандандырып, рухымызды жаңғыртып, Әділетті Жаңа Қазақстанның тың бастамаларын жүзеге асырайық, ағайын!

                       

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр