Жылдағы дәстүрге сай баспасөзге жазылу науқаны басталды. Бұл маңызды науқанда мен өз басым аудан айнасы, барша жаңалықтың жаршысы -«Балқаш өңірі» газетіне бірінші болып жазылуға тырысамын. Өйткені осы аудандық басылым арқылы өңірімізде болып жатқан жаңалықтарды оқып, бір қуанып қаламын. Қолым босаған сәтте газет оқу бала кезімнен әдетке айналған сүйікті ісімнің бірі болғандықтан шығар, апта сайын пошта қызметкерлерінің газет-журналдарды жеткізіп бергенін тағатсыздана күтіп отыратыным да жасырын емес. Аудандық газеттің өткен санында «2023 жылға газетке жазылу науқаны басталды» деп және газет бағасының жылдағыға қарағанда 300 теңгеге не себепті қымбаттағанын тү-сіндіріп жазған болатын-ды. Менің ойымша қымбатшылық заманда газеттің де қымбаттауы заңдылық. Өйткені газеттің қағазы да жыл сайын өсуде. Әрине оған аудан халқы түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Киелі өңіріміздің Баспасөз -2023 Жолдауға-қолдау жаңалықтары мен тарихын жариялап тұрған жалғыз ғана басылымға қолдау көрсетпесек, онда ауданымыздың береке- бірлігі қайда қалады?! Сондықтан газет оқырмандарын ауданымыздың айнасы болып аудан халқымен бірге жасап келе жатқан басылымға қолдау керсетуге шақырамын. Газетке жазылу науқанына біркісідей атсалысайық дегім келеді. Ұлтуар ТАНАБАЕВА, зейнеткер. Бақанас ауылы.
ГАЗЕТ ОҚУҒА БАЛА КЕЗІМНЕН ҚҰШТАРМЫН
Жарнама орны (6) |