Д.Қонаевқа-110 жыл

 


Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, «Елу жыл ел ағасы» атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына -110 жыл толуына орай, Ұлы тұлғаның атажұрты Желтораңғы ауылында 1-2-ші қазан күндері марқұмның рухына бағышталып ас беріліп, спорттық ойындардан түрлі жарыстар мен бәйге өтетіні жөнінде хабарлаймыз. Сондықтан аудан тұрғындарын және қонақтарды ат жаратып, аламанда сан мәрте арғымағын оздырған атбегілер мен спорттық жарыстарда сынға түсіп, жүлделі орындарды еншіліп жүрген спортшылардың күштері сыналатын доданы келіп тамашалауға шақырамыз. Ұлы тұлғаның әруағына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараның бағдарламасы төмендегідей: Мерекелік концерт 1-ші қазан күні сағат 20:00-де өтеді. Ал 2-ші қазан күні 08.30-да Д. Қонаев атындағы орта мектеп ауласындағы Ұлы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою, 09:00-де мектеп ішіндегі Д.Қонаев мұражайын аралау. 09:30-да ауылдық мешітте Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың рухына Құран кәрім бағышталады. 10:00-де мәдени шараның ашылу салтанаты өткізілсе, 13:00-де ас беріледі. СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН АТ БӘЙГЕСІ Сондай-ақ 2-ші қазан күні 09:00-де ат бәйгесі, 14:30-да спорттық ойындар басталады. АТ БӘЙГЕ МЕН СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ЖҮЛДЕЛЕРІ: Ат бәйге: І-ші орынға-10 бас жылқы, ІІ-ші орынға-5 бас ірі қара, ІІІ-ші орынға-3 бас ірі қара, ІV-ші орынға-2 бас ірі қара, V-ші орынға 1 бас ірі қара, VІ-орынға-1 қой және VІІ-ші орынға 1 серке беріледі. Құнан бәйге: І-ші орынға -5 бас ірі қара, ІІ-ші орынға - 3 бас ірі қара, ІІІ-ші орынға-1 бас ірі қара , ІVорынға 1 қой және V-орынға- 1 серке беріледі. Тай бәйге: І-ші орынға 2 бас ірі қара, ІІ-ші орынға-1 бас жылқы, ІІІ-ші орынға -1 бас ірі қара, ІV-ші орынға-1 қой және V-орынға- 1 серке беріледі. Сондай-ақ Қазақ күресі белдесуінде: І-ші орын яғни «Түйе балуанға» -1 бас жылқы, ІІ-ші орын 1- бас ірі қара және ІІІ-ші орынға 2 серке беріледі. Сонымен қатар Түйе көтеру сайысында жеңімпаз атанған спортшыға 1 бас түйе, қошқар көтеру сайысындағы жеңімпазға-1 қошқар беріледі. Гір тастарын көтеру сайысы бойынша І-ші орынға-1 қой, ІІ-ші орынға-1 серке және ІІІ-ші орынға 20000 теңге беріледі.

Ұйымдастыру комитеті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр