Қолы ашық жомарттың, жолы да ашық


«Қайырымдылық  жасасаң  балаға жаса» -демекші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялап, «Еліміздің  болашағы-  балаларға әлеуметтік, моральдық жағынан үкімет тарапынан жан-жақты білім беру, медицина тағы басқа  жағдайларын жасап, балаларға ерекше назар аудару қажет. Себебі олардың амандығы-еліміздің амандығы»-деп атап өткен еді.             

Жыл сайын ауданымыздың атпал азаматтары  мектеп-интернат оқушыларына өз көмек қолдарын созып, мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формаларын, сырт киімдер мен аяқ киімдерін және спорттық киімдерін тағы басқа да қажетті заттарын алып беріп отырады. Бұл үрдіс  биылда өз жалғасын табуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық-бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»,- деп атап көрсетті.

Ия расымен де балаларға жасаған жақсылығымыз еселеп қайтары сөзсіз. Болашақта еліміздің тұтқасын мықтап ұстайтын білімді де білікті, қайратты, саналы, Отансүйгіш патриоттарымызға қазірден бастап дұрыс тәрбие беріп, оларға қолдау көрсетіп, қамқорлығымызға алсақ, түп-тің түбінде ұрпақтарымыз  жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, елімізді, туған жерімізді  көркейтетініне кәміл сенеміз.

Осындай Атымтай жомарт ағаларымызға  мектеп-интернаты ұжымы және ата-аналар, сондай-ақ оқушылар тарапынан айтар алғысымыз бен ризашылығымызды аудандық басылым- «Балқаш өңірі» газеті арқылы білдіргелі отырмыз.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», -деп дана халқымыз тегіннен-тегін айтпаған ғой. Ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік жағынан көркейіп өсуіне өздерінің сүбелі үлестерін қосқан жомарт жүрек ел ағаларына айтар алғысымыз шексіз.

 Ауданның Құрметті азаматы, «Балқаш жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нарымбет Әбдібаевтың бастамасымен қайырымдылық іске атсалысып, оқушылардың мектепке келулеріне демеушілік жасаған мәрт мінезді ағаларымызды атап айтар болсақ,  «Балқаш жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ибраев Асқар Серікжанұлы, Көктал ауылдық округінің кәсіпкері Ғайнол Қыстаубаев, «Агрофирма Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алмас Қыстаубаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі, «Динара -Ранч»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақыт Атайбеков және «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Сұлтанов Талғат Пермебекұлы, сонымен қатар Бақанас орман шаруашылығы  мекемесінің  басшысы Қонысбаев Нүркен Исатайұлы,   кәсіпкер Макулов Жеңіс Жақсылықұлы, «Аман М компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері  Ушуров Билалдин Талғатұлы,  «Техно GRAD», «Малайсары», «Dorogj Zhetysu» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры Базарбаев Нар-тай Тоқтарханұлы  және «Тамшыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысы Мұстафа Қалиев,  Жиделі ауылдық округінің кәсіпкері Мұратбек Бейсенбеков  тағы басқа  демеушілеріміз бен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына атсалысып, «Балалар жылы»  аясында оқушыларымызға өз қоржындарынан қомақты қаражат бөліп, жомарттық танытқан қолы ашық, жүректері мейірімге толы, адамгершілік, имандылық, парасаттылық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңірген «халқым», «елім» деп қашанда етжүректері елжіреген, ауданымыздың бетке ұстар, есімдері ел-жұртына мақтаулы  Ел ағаларына, ардақты азаматтарымызға алдымен Алла риза болсын дегіміз келеді.

Асыл текті ағаларымызға алғыс айтып, олардың жасаған жақсылығын әлеуметтік желелерде жариялап алғыс айтқымыз келді. Бірақ кейбір ағаларымыз «Оң қолың жасаған жақсылықты, сол қолың білмесін»,-деген тәмсілді ұстанған жандар да болды. Бірақта осындай жомартық жасап, балалардың жаңа оқу жылында мектеп партасына  елқатарлы отырып, білім алуларына жағдай жасап, өзінің бала-шағаларының несібесінен бөлісіп жатқанда үнсіз қарап отыра алмадық. Жүректері мейірімге толы ағалардың берген қаражаттарына   мектеп-интернатта оқып жатқан көпбалалы, аз қамтылған, тұл жетім, сәтсіз отбасы балаларына, әлеуметтік осал топтарға жататын  оқушыларымызға сырт киімдер, қыстық аяқ киімдер, спорттық киімдер, ойыншықтар, спортқа арналған (секіргіш, шахмат, дойбы, обручтар, доптар)   тағы басқа қажетті құралдар сатып алдық.

Құрметті ағалар!

Сіздердің қайырымдылық акциясына біркісідей жұмылып, қайырымды іс жасап отырғандарыңызға мектеп ұжымы болып, балалар мен ата-аналар дән ризашылықтарын білдіріп, үлкен алғысымызды айтамыз. 

Біз қашанда осындай қолдары ашық, жүректері имандылыққа, адамгершілікке толы жомарт жандарға айтар алғысымыз шексіз!

Еңбектеріңізге толағай табыстар мен жеңістер тілей отырып, Сіздерге Алланың нұры жаусын дегім келеді. Ауданымыздың экономикасын көтеруге күш салып жүрген азаматтарымызға еңбектеріңіз жана берсін,       қайырымдылыққа созған қолдарыңыз тек ешқашанда дерт көрмесін.

«Жігітте де жігіт бар  азаматы бір бөлек»,-демекші осындай елге үлгі болар азаматтар қатары көбейе берсін. Балаларымыздың жарымжан көңілдеріне жалау болып, қуанышқа бөледіңіздер. «Балалар жылында» біздің мектеп-интернатының оқушыларына үлкен көмек бердіңіздер.

Осы жасап жатқан қайырымдылықтарыңыз балаларымыздың қажетіне жарап, өздеріне деген қамқорлықты, жанашырлықты сезініп, жүректері жылулыққа толып, қуаныш пен шаттыққа бөленуде.

Айтар алғыстарымыз бен мақтауларымыз, рахметіміз көпке үлгі болатын жандары жайсаң асыл жандарымызға  шын жүректен арналады. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болар?»-демекші ұлтымыздың  болашақ ұрпақтары қиындықтан сағы сынып жерге қарамасын, ағайын !

 Құрметпен: Бақанас мектеп- интернатының ұжымы.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр