Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бөріхан Әбдібаев осы аптаның сейсенбісі күні Бірлік, Бақбақты және Миялы ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді.Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бө-лімінің басшысы Нұрланбек Рақышев, аудандық ауылшаруа-шылығы мен жер қатынастар бөлімінің бас маманы Бүркіт Мұқанов, аудандық Орталық аурухана директорының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қамар Ибраимова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімінің бас маманы Қуаныш Төлепберген бұл сапарға сапарлас болды.
Бөріхан Нарымбетұлы өзінің іссапарын Бірлік ауылдық округінен бастады. Жиын барысында ол аудан көлемінде биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Мұнан соң ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Бірлік ауылында өткен кездесу жиын барысында ауыл тұрғындары ауылдың тыныс-тіршілігі жөнінде әңгіме өрбете келе ауыл тұрғындарының көтерген басты мәселесі ауданға шағын ет өңдейтін цех жасалса деген ұсыныстарын білдірді.
Бақбақты ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары тарапынан пошта қызметкерлері газет-журналдарды дер кезінде таратпайтыны жөнінде айтты. Сондай-ақ Т. Бокин көшесіне тас- жол төселе ме? деген сұрақтар қойылды.
Мұнан соң Бөріхан Әбдібаев өзінің іссапарын Миялы ауылдық округінде жалғастырды.
Миялы ауылында өткен жиында ауыл тұрғындары биылғы жылы табиғи газ іске қосыла ма және спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары жасала ма? деген сұрақтар қойды.
Жоғарыда аталған ауыл тұрғындарының ұсыныс-пі-кірлеріне, талап-тілектеріне және өтініштеріне құлақ түрге келе тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер мен ұсыныс-пікірлерді хаттамаға тіркеп, аудан әкімі Ғалым Тоқпейісовке жеткізетінін және аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді дер кезінде орындалуын қадағалап, жауапты мамандарға тапсырмалар беретінін жеткізді.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,
«Балқаш өңірі».