Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жастардың қоғамдағы рөлі

Сыбайлас жемқорлық – адамның сыртқы әлеммен және ең алдымен мемлекетпен мемлекеттік қызметшілермен сөз байласу негізінде құрылған және заңды айналып өтіп пайда алуға бағытталған өзара әрекетінің ерекше түрі. Сыбайлас жемқорлық қоғамның, елдің дамуын тежейтін, халық пен басшылық арасына іріткі салатын қауіпті құбылыс. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық сөзін еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі, тіпті көбісі бұл мәселемен жиі бетпе-бет келіп жатады.

 Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу процесінде қоғамның әртүрлі топтарының рөлі бірдей. Сол себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыруды жас буыннан бастаған жөн.

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы мен әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелеу барлық білім беру ұйымдары мен мәдениет мекемелерінің қызметінің негізіне айналуы тиіс.

Мемлекет қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың шешуші факторы екенін анық түсінеді. Бұл мәселені шешуге жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі мен тәрбиесі ықпал етеді.

 

Жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудің негізгі міндеттерін бөліп көрсетуге болады:

-          сыбайлас жемқорлықты тануға үйрету;

-       тарихшылдық принципіне сүйене отырып, адекватты талдау және осы әлеуметтік құбылысты тұлғалық бағалау дағдыларын қалыптастыру;

- құқықтық және моральдық-этикалық нормаларға сәйкес мінез-құлық стандарттарын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы білім кешенін қалыптастыру;

-  өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;

-    сыбайлас жемқорлықпен күресудің мүмкіндіктері мен тиімді жолдарын көрсету және т.б.

 Заманауи қоғамда жас ұрпақты тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек.  Жас ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеп, саналы ой қалыптастыруға атсалысу аса маңызды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар арасында жиындар, пікірталастар мен түрлі жобаларды жиі ұйымдастырған жөн.

Қазақстан Республикасының көркеюі, халықаралық аренаға шығуы, дамыған елдердің қатарына енуі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да жастар толығымен жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге ашық, білімді және жоғары моральдық қасиеттерге ие патриот, оған қоса сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін болуы керек.

 

ОРЫМБЕТОВ СЕРІК ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ,

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы.


 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр