ШӨП ОРУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ

DSC_0039.JPG

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші аудан көлемінде мал шаруашылығымен тұрақты айналысатын шаруашылықтар қысқы мал азығын дайындау мақсатында шөп шабу жұмыстарын бастап та кетті. Қысқы мал азығын дайындау-бүгінгі күннің басты мәселесі болғандықтан, бұл күрделі әрі маңызды жұмыстар үнемі аудан әкімінің назарында. Сондықтан да осы салаға жауапты мамандар шөп ору науқанын жіті бақылап, үнемі ат үстінде жүр десек те болады.

 Ауылшаруашылық саласының мамандарының айтуынша, биылғы жылға аудан бойынша 13 991 гектар суармалы жерге көпжылдық жоңышқа шөбі егілген. Бүгінгі таңда көк шалғынға шалғы салған шөпшілер егіс алқабының 3 100 гектар жерін шауып, оның 1800 гектарын бастырып үлгерген. Мұның сыртында 360 гектар жерден шабылған жоңышқадан қысқы мал азығы ретінде 6662 тонна пішендеме дайындалған екен. 

Шөп шабу науқанында белсенділік танытып, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары-на  атсалысып жатқан шаруа-шылықтардың бірі Агрофирма «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталмыш шаруашылықтың егіс ал-қабына осы аптада аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің мамандарымен бірге арнайы барып қайттық. Ол жерде Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің шөп шабумен тұрақты айналысатын бөлімшенің жұмыс барысымен жақын таныстық. Қысқы мал азығын дайындап, жанталасып жатқан пішеншілердің жұмыс қарқынын көзбен көріп, атқарылып жатқан жұмыстардың жүйелі екендігіне көңіл толып, бір марқайып қалдық.

Шөп шабу науқаны жайында  Агрофирма «Бірлік» ЖШС-нің директоры Алмас Қыстаубаевтан сұрағанымызда ол  шаруашылығына тиесілі суармалы егіс алқабының 3 500 гектарына көпжылдық шөп егіліпті. Бүгінгі таңда жоңышқалықтың 1 500 гектары шабылса, оның 1000 гектары бастырылған. Мұның сыртында 3000 тонна пішендеме дайындалған. Бірінші орылымды жедел аяқтау мақсатында шөп шабуға арналған 18 «Германка», 2 «MacDon», комбайындары және отызға жуық «МТЗ-80» тракторлары жұмылдырылған. Ауа райы жауын-шашынсыз болса, 25 маусымға дейін шөп ору науқанының бірінші орылымын толық аяқталатынына кәміл сенімді.

Ел игілігі үшін жасалынып жатқан жұмыстардың жүйелі атқарылғаны бәріміз үшін маңызды мәселе. Сондықтан да шөп шабу жұмыстарының дер кезінде аяқталуына атсалысып, күннің аптап ыстығына қарамастан дала төсінде жүрген диқаншылардың жұмыстарына сәттілік тілейік!

                                


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр