2019 жылдың 21 қаңтарында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заң-намалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтай-ландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Аталған заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (әрі қарай-ҚК) ұр-лықтың қайталануы үшін жауап-кершілікті күшейтуді көздейтін тиісті түзетулер енгізілді.
Атап айтқанда, «орташа ауырлықтағы» санатынан бір-неше рет ұрлық жасау «ауыр қыл-мыс» санатына ауыстырылды.
Бұрын ұрлық жасаған сотталушы қайта ұрлық жасаған жағдайда оның әрекеті, ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен, яғни ұрлықты бірнеше рет жасаған тұлға ретінде сараланатын.
Бұл қылмыстың түрі «орташа ауырлықтағы» қылмыс санатына жататын.
ҚК-нің 68-бабына сәй-кес, ауырлығы орташа қыл-мыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз беру-шімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Осыған орай, ұрлықты бірнеше рет жасаған адам, сотта жәбірленушімен татуласқан жағдайда жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс сотта тоқтатылуы мүмкін еді.
Жаңа заңмен, ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2) тармағы алып тасталынып, бірнеше рет жасалған ұрлық үшін жауапкершілік ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 2) тармағына, яғни «ауыр қылмыс» санатына ауыстырылды.
Ал, ауыр қылмыс үшін жәбірленушімен татуласу, жауаптылықтан босату заң талаптарында көзделмеген, сон-дықтан ұрлықты бірнеше рет жасаған адамның қылмыстық жауапкершіліктен босатылу мүм-кіндігі шектелді.
Осыдан кейін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңна-малық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңна-маны жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҚК-ке қайта өзгертулер енгізіліп, «мал ұрлау» үшін жауапкершілік ҚК-нің 188-бабынан бөлектеліп, жаңа «188-1»-бабы (мал ұрлау) қолданысқа енгізілді.
Мал ұрлығы үшін жауапкер-шілік ұрлыққа қарағанда қатаң.
Мысалы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ұрлық жасағаны үшін ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің санкциясында - мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен мал ұрлығын жасағаны үшін кінәлі деп танылған адам 188-1-бабының 2-бөлігімен - мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Яғни, ұрлық үшін баламалы жаза түрлерімен қатар, ең ауыр жаза түрі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза - бес жылға дейiн көзделген болса, мал ұрлығы үшін – балама жаза жоқ, тек жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Ал, бірнеше рет немесе тұрғын үй-жайдың, кәсіпорын-ның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау үшін, ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен - мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Қорыта келгенде, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, оның ішінде «мал ұрлығы» үшін жаза күшейтілген.
Мал ұрлығы ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жататындықтан, жәбірленушімен татуласу, жауапкершіліктен босатылу мүмкіндігі қарастыр-ылмаған және жауапкершілік өте қатаң, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға алып келетінін назардан шығармаған жөн деп санаймын.
Көп жағдайда заң талаптарын білмейтін тұлғалар, мал ұрлығын жасау түріндегі қылмыстың салдарын қылмыстық іс қозғалып, соттың айыптау үкімі шыққан кезде ғана сезініп, жасаған әрекеттеріне сотта өкініп жатады. Алайда, жасаған әрекетке өкіну- жазаны жеңілдететін мән-жай болғанымен жауапкершіліктен босатпайды.
Сондықтан, қылмыстың, мал ұрлығының алдын алып, ауыл тұрғындарының малды еркін жайылымға жібермеуі, малға қадағалау жасауы, мал иелерінің басты міндеті екенін естен шығармағаны абзал.
Аталған санаттағы қыл-мыстық істердің соңғы кезде сотқа жиі түсуін, сотқа ересек адамдармен қатар жасөспірім балаларға да қатысты мал ұрлығы туралы қылмыстық істердің түсетінін ескеріп, ата-аналардың жасөспірім балаларының тағдырына жауап-кершілікпен қарауын, мал ұрлығын, яғни ауыр және аса ауыр қылмыс түрін жасамаудың алдын-алуы мақсатында жоғары-да айтылып өткен заң талаптарын қатаң сақтауын, оның ауыр салдарын түсіндіру басты міндеті екенін назарларында ұстауы қажет екенін түсіндіреміз.
Әрбір адамның болашағы мен тағдыры өз қолында. «Ұрлық түбі – қорлық»,- деген сөз текке айтылмаған. Бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру –жауапкершілігі қатаң қылмыс түрі екенін әрбір азамат естен шығармағаны абзал.
Жазира Бейсенбина, аудандық соттың судьясы.