Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі төмендегі жоғары әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген азаматтарды оқуға шақырады.
-Радиоэлектроника және байланыс әс-кери инженерлік институты (Алматы қ.);
- Құрлықтағы әскерлер әскери институты (Алматы қ);
- Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты (Ақтөбе қ) медициналық мамандықтар- Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусы (Щучинск қ);
Сондай-ақ, шет мемлекеттердің ӘӘО-на түсу үшін қыздарды қосымша жинақтау жүзеге асырылады: С.М.Кировтың атындағы Әскери-медициналық академиясы (Санк-Петербург қ);
Ереван мемлекеттік медициналық университет (әскери-медициналық факультет Ереван қ.);
Жоғары әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу тәртібі:
1. Әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы 17 жасқа толған, бірақ 21 жастан үлкен емес ҚР азаматтары.
2. Әскери қызмет өткерген азаматтар оқуға түсетін жылы 24 жасқа дейін мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілер.
3. 25 жасқа толғанға дейін келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер оқуға ниет білдіре алады.
4. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан өтуі.
5. Ұлттық бірыңғай тестілеуден (бұдан әрі ҰБТ) тапсыру.
6. Кәсіби-психологилық тестілеуді тапсыру.
7.Дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру. Әскери оқу орындарына жастарды таңдау және дайындау- мемлекеттік маңызды мәселе.
Мұның дұрыс шешілуі курсанттар қатарын Қазақстан Республикасындағы лайықты жас-тар өкілдерімен толықтыруға, офицер деген жоғары атты өмір бойы арымен сақтауға, аға-буын өкілдерінің даңқты дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік туғызады.
Егер сіз ҚР ҚМ Жоғары әскери оқу орындарына түскіңіз келсе, Балқаш ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуіңізге болады немесе тел.8 (72773)91-4-69, ұялы 87074560380 нөмерлеріне хабарласыңыздар.
В.Ким, аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы, подполковник.