Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі - азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттамауы. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын үнемі бақылауда ұстау үшін арнайы жұмысшы топтар құрылды. Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған жұмысшы топтың төрағасы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев болса, оның орынбасары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дархан Төлеубек, ал хатшысы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Қарлыға Жинақбаева. Сонымен қатар арнайы бекітілген бірнеше топ мүшелері бар.
Арнайы құрылған топ мүшелері аудан орталығы және Миялы, Бақбақты, Бірлік, Ақдала, Береке, Ақжар сонымен қатар Желтораңғы, Топар, Балатопар ауылдық округтерін аралап, дүкен сөрелеріндегі азық-түлік бағасының тұрақтылығын бақылап қайтты. Сапар барысында құрылған топ мүшелері сауда-саттықпен айналысып жүрген кәсіпкерлерге тауар тұтынушы халықтың жағдайын қалыпты жағдайда ұстау үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын қымбаттатпауларын өтінді. Сонымен қатар аудан көлеміндегі барлық ауылдық округ әкімдеріне осындай топ мүшелерін құрып, азық-түлік бағасының тұрақтылығын бақылауда ұстау тапсырмасы жүктелді.
Дүкен сатушыларының айтуынша азық-түлік бағасы арзандағалы тұтынушылардың да қарасы көбейіп, дүкен сөрелеріндегі тауарлардың сатылымы күннен-күнге артып барады.
Азық-түлік бағасының өсуі-халықтың тұрмыс-тіршілігіне теріс әсер ететін факторлардың бірі. Сол себепті арнайы құрылған топ мүшелері күнделікті тұтынатын өнім бағаларын күннен-күнге шарықтап кетпеуін бақылауда ұстау үшін өздеріне жүктелген тапсырмалар бойынша тиісті жұмыстарын атқаруда.
Жалпы айтқанда азық-түлiк бағасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігі aдaмдaрдың тiршiлiк әрекетiн қолдaу үшiн қaжеттi мөлшер мен сaпaдaғы aзық-түлiктiң физикaлық және экономикaлық қолжетiмдiлiгiн, сонымен бiрге ұлттық мүдделер мен мемлекеттiң aзық-түлiк экспортынaн тәуелсiздiгiн сaқтaй отырып, экономикaлық орнықтылық пен тұрaқтылықты, мемлекеттердiң сaяси тәуелсiздiгiн, сонымен қaтaр, оның өз aзaмaттaрының aзық-түлiк қaжеттiлiгiн қaмтaмaсыз ету қaбiлеттiлiгiн сипaттaйтын ұлттық қaуiпсiздiк жүйесiнiң мaңызды элементтерiнiң бiрi болып тaбылaды. Бір сөзбен aйтқaндa, тұрмысы төмен және осaл топтaрдың мiндеттi aртықшылығымен бiрге мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн шектемей, хaлықты көп мөлшерде елдiң өзi өндiрген негiзгi aзық-түлiк түрлерiнiң есебiнен қaмтaмaсыз ету мүмкiн болaтын экономикaның жaғдaйына байланысты.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі азық-түлік бағасының қымбаттамауы болғандықтан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты сақтап, жалпы хал-ықтың жағдайын ойластырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».