«ЕЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ – САЛТ – ДӘСТҮРІМ»

Қазақ халқы – әлемдегі ең ғажап халық. Бұл сөзіме ешкімнің шүбә келтірмесі анық. Бұған қазақ жерінде болған әлем тарихшылары да, зерттеуші, әдебиетшілері де куә болған. Қай ғасырды алып қарасаңыздар да қазақ халқы жайлы оң пікірді көреміз.

Қазақ халқын әлем халқына  ғажап халық екенін танытып тұрған ол біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт – дәстүр, әдет – ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар. Бабадан балаға мирас болып, заман көшімен жалғасып бүгінгі күнге жеткен салт – дәстүр, әдеп – ғұрыптарымыз баға жетпес құнды қазынамыз. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір – қасиетін, ой – өрісін танытатын салт – дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу барша қазақтың міндеті деп білеміз. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіруге бүгіннен бастап атсалысуымыз қажет деп ойлаймыз.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – «ұлттық ойындар» баланы іс – әрекетке, адамгершілікке, ақыл – ойын жетілдіруге, отансүйгіштікке, салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал болып табылады. Жалпы, қазақтың ұлттық ойындары ерлік, өрлік, өжеттік, батылдық, шапшандық қасиеттерімен қатар әділдік пен адамгершілік жоғары ұстаған. Жастардың жоғарыда атап өткендей, осы қасиеттердің бар екендігін көрсететін ойындардың бірі: аударыспақ, теңге ілу, көкпар, бәйге және тағы басқа ойындарды жатқызуға болады. Осы құндылықтарымызды көрсету мақсатында Балқаш ауданы, Жиделі ауылында «Елімнің мәртебесі – салт – дәстүрім» атты ұлттық ойындар жарысы өтті. Осы жарыста өзіміздің құндылығымызды дәріптеп, қазақ халқының ұлттық ойындарының ішінде аударыспақ, теңге ілу, атқа міну ойындарын ұйымдастырдық. Жарыста қатысушыларымыз ер жігіттің бойында бар жоғарыда атап өткендей қасиеттерді көрсете білді. Қатысушылар белсене атсалысып, жарыста жүлделі орын алғандары үшін бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. 

Баға жетпес осындай құндылығы бар біздің ел бақытты деп ойлаймыз. Өзінің құндылықтары арқылы ұлттық болмысын сақтап осы күнге жетіп отыр. Ертеңгі ұрпақ ұлтжанды, отаншыл, патриот болып өссін десек, осы бастан ата – дәстүрімізді ардақтауды үйретіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірте білуіміз қажет.

 

Жиделі ауылдық округі әкімшілігі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр