Тәуелсіздікке 30 жыл


2021_04_06_072108260500.jpg



13 қыркүйекте Балқаш ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бақанас аграрлы-индустриялық колледжі» студенттерінің қатысуымен «Қауіпсіз ғаламтор» - атты дөңгелек үстел өтті. Жастарға ғаламторға тәуелділік тудыратын жағдайлар және олардың алдын-алу шаралары туралы ақпарат түсіндірілді. Студенттерге ғаламтордың зияны және пайдасы туралы, бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған кеңестер берілді. Жастарды сергіту мақсатында «Өрмекші торы» және «Қар қиыршықтары» - атты тренингтер жүргізілді. Жастар бос уақыттарын тиімди пайдалану мақсатында кітаптар, спортпен шұғылдану, саябақтарда серуендеу секілді жұмыстар атқаратын болып келісілді.

 

14 қыркүйекте Береке ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тарих тарту еткен тәуелсіздік» - атты әдеби-сазды сағатын әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынды. Әдеби-сазды сағатта оқушылар Тәуелсіздікке арнап өлең шумақтарын арнады және 5-сынып оқушылары «Қазақ биін» биледі. Кітапхананың тұрақты оқырманы Г.Тынымбек ақын-жазушы Ж.Тойбектің «Тәуелсіздік» өлеңін айтты.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дала дәмі» жәрмеңкесі – береке мен бірліктің бастауы
  • Жаңа Конституция-ел тірегі
  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан