Талдықорған 20 жыл бұрын облыс орталығы мәртебесіне ие болды. Осы уақыт ішінде қалада бірегей сәулет нысандары, саябақтар, субұрқақтар мен ескерткіштер салынды. Осы көрікті жерлердің барлығы қаланы өзгеше ерекшелеп тұрады. Қала күніне орай Талды шаһардың 20 символының тізімі жасалды.
1. Қалаға кіре беріс қақпасы - облыс орталығының басты қақпасы. Бұл қаланың алғашқы символы.
2. Коттедж қалашығы да Талдықорғанның символы. қаланың оңтүстік-батысында орналасқан 620 коттеджді жаңа тұрғын үй ауданы.
3. Салтанат сарайы. Бірден қалаға кіре берісте әдемі және ерекше салынған сәні мен сәулеті бек жарасқан нысан.
4. Бикен Римова атындағы драма театры. Руханият пен өнер ордасы еліміздегі теңдессіз нысан. Жаңа ғимараттың салтанатты ашылуы 2018 жылдың қазан айында өтті.
5. "Koktem Grand" - қонақ үй кешені Талдықорған қаласына кіре берісте орналасқан. Бұл да ерекше сәулетімен ерекшеленетін қонақ үй бірден көзге түседі.
6. "Жастар" спорт сарайы. Облыс орталығындағы бірегей спорттық нысан. Заманауи үлгідегі ғимарат Жетісулық спортшылардың шынығуына арналған.
7. Оқушылар сарайы- Талдықорғандың жеткіншектер үшін бірегей орын. Оқу, білім алумен қатар түрлі үйірмелерде оқушылардың шығармашылықтарын шыңдайды.
8. "Жастар"орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан тутұғыр.
9. "Үш ата" ескерткіші. Жетісу жауһарының дәл ортасында 2006 жылы тұрғызылған айбынды монумент. Ескерткіш "Үш ата"деп аталады.
10. Жастар паркі-қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі, сондай-ақ мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған алаң.
11. Теңдессіз тағы бір нысан Талдықорғандағы Орталық жүзу бассейні. Жақында қолданысқа берілген нысан Орта Азияда баламасы жоқ.
12. Жетісу монументі немесе қалалық стела – Талдықорған қаласындағы тағы бір танымал нысан. Ол айналма жол айрығында орналасқан және Жетісудың жеті өзенін бейнелейді.
13. Орталық мешіт – Талдықорғандағы бас мінәжат орны 2014 жылдың 7 қарашасында ашылды. Құрылысқа облыстың кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлері үлкен үлес қосты.
14. Жетісу стадионы-1982 жылы қолданысқа берілді.
15. Арбат-орталық жаяу жүргінші көшесі-Біржан сал. Тынығуға арналған орын бойында көптеген дүкендер бар. Тұрғындар үшін әсіресе, жазда ауа-райы жақсы кезде серуендеуге немесе демалуға ыңғайлы мекенге айналды.
16. Жеті субұрқақтың алаңы. 2019 жылдың сәуірінде оның салтанатты ашылуы болды. Барлық ескі субұрқақтар жөнделіп, жаңалары салынды. Бірақ "Тайқазанның" ескі келбеті сақталып, жаңғыртудан өтті.
17. Қалалық саябақ – Талдықорғанның шығыс бөлігінде орналасқан. Қайта жаңғырту 2017 жылдың наурыз айында басталды. Қазір адам танымастай өзгертілген аумақ тынығу орны.
18. Ілияс Жансүгіровтың мұражай үйі. Бұл тарихи орын басқа аймақтардың тұрғындары арасында үлкен танымалдылыққа ие. Көптеген туристер бұл үйді Талдықорғанды сұрағанда бірден есіне алады.
19. Қаратал өзенінің жағалауы-Талдықорғанның басты көрікті жерлерінің қатарына енген жаңа және заманауи сәулет нысаны.
20. "Көктем" сквері – ол қаланың шығыс бөлігінде Қаратал өзенінің сыртында орналасқан. Шағын алаңның орталық бөлігінде жастықты, көктемді және жандануды бейнелейтін ескерткіш бар.
Әлемге әйгілі Әли Тұрғанбеков Талдықорғанды облыс орталығы мәртебесінің 20 жылдығымен құттықтады
Әлемге әйгілі талдықорғандық Әли Тұрғанбеков туған қаласын облыс орталығы мәртебесінің 20 жылдығымен құттықтады.
"Талдықорғанның барлық тұрғындарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл менің туған қалам. Мен осы әдемі қалада дүниеге келгеніме өте қуаныштымын. Қаланың келешегі мен барша тұрғындарға жақсылық пен сәттілік тілеймін",-деді Әли Тұрғанбеков өзінің бейне құттықтауында.
Айта кетейік, биыл Талдықорған қаласының облыс орталығына айналғанына 20 жыл болды. Осы айтулы оқиға қарсаңында Жетісу өңірінің інжу-маржандары қала тұрғындарын құттықтап, қала туралы жылы естеліктерімен бөліседі.