Тәуелсіздік-елдігіміздің айғағы

Тәуелсіздік-елдігіміздің айғағы

Бахыткүл ТҰЯҚБАЕВА, Исаев бастауыш мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

let30.jpg

Тәуелсіздік-ата бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманының жемісі, еліміздің ең басты құндылығы, елдігіміздің айғағы. Бұл азаттықтың таңына «елім» мен «жерім» деп ет жүрегі егіліп, Отан үшін отқа түсіп, жанқияр ерлік пен нағыз патриоттықтың үлгісін көрсетіп, «Желтоқсан оқиғасында» қаза тапқан жастардың, сонымен қоса  ел тізгінін қолға алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі деп білеміз.

Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.

Биыл елімізде азаттықтың ақ таңының арайлап атқанына, яғни ел Тәуелсіздігіне-мерейлі 30 жыл толып отыр. Осы уақыт шеңберінде еліміз өсіп-өркендеп, әлем мойындаған егемен елге айналдық. Дүниежүзіндегі алпауыт мемлекеттердің қатарына ендік. Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп, қарқынды даму үстіндеміз.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жолын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лайықты жалғастыруда.

Егемен еліміздің мерейі әрдайым үстем болып, дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуге жазсын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году