Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Рес-публикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
«Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы.
26 жылды тарих қойнауына табыстаған Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мәні зор ауқымды істер атқардық.
Аз уақытта айбары асқан куатты ұлтқа, дәулеті тасыған әлеуетті елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған түрлі ұлыс өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Әрбір Қазақстан азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнеге. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.
Қазақстан жерінде тұратын барлық азаматтардың теңдігі – біз-дің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.
Құрметті жерлестер!
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Констиутция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып,Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Құрметпен: аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов.