Өткен жылдар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды

0c5cacb0-7734-42ef-9951-d5318d497d8d.jpg17e4c879-22ba-4fd2-851e-912190286f14.jpg93505b0d-3e35-47f8-9087-8daa7ff10d66.jpg


Өткен жылдар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды

Бүгін, Салтанат сарайында облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру сайлау конференциясы өтіп, онлайн-офлайн форматындағы шарада Жетісу өңірінің барлық-аудан қалаларынан сайланған 268 делегаттар қатысты.

Жиын барысында облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталов облыстық Саяси Кеңестің 2 жылда атқарған жұмыстары жайында есебін беріп, негізгі нәтижелермен алдағы міндеттер жайында тоқталып өтті. Атап айтсақ, өңір басшысы өз сөзінде «Қоғамдық қабылдаулар – ол халықпен кері байланыстың негізгі құралы. 2019-2020 жылдары партияның қоғамдық қабылдауларында 26 892 өтініш тіркеліп, 14 314 (53,2%) өтініш оң шешімін тапты», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Амандық Баталов нұротандықтарға алдағы мақсаттарды атап өтті. Олар, өңірдегі мемлекеттік орган басшылары-партия мүшелері Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасында көзделген нысандардың уақытылы және сапалы орындауы, және а.ж. екінші жарты жылдығында ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізу жоспарланғандықтан, партиядан кандидаттарды іріктеу және оларды ауыл әкімдерінің сайлауына ұсыну бойынша жұмыс жоспарларын әзірлеп, бекіту қажеттігін айтты.

Жарыссөзге облыстық мәслихат депутаты Асқар Сүлейменов және облыстық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Президенттік шәкіртақы иегері, «Көшбасшы – 2020» жастар сыйлығының лауреаты Тұрдаш Мадина сөз алып, Саяси Кеңес жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын берді.

2019-2020 жж аралығында облыстық партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясының атқарған жұмысы жайлы аталған комиссия төрағасы Валерий Сапожников баяндап, тексеру жұмыстарының негізгі нәтижелерімен бөлісті. 

Конференция жұмысының тәртібіндегі үшінші мәселе - партия Жарғысының 8.4.2 тармағына сәйкес Саяси Кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты облыстық партия филиалы Саяси Кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева таныстырып, делегаттардың дауыс беруімен 37 партия мүшесі сайланды.

Сонымен қатар, соңғы сұрақ облыстық бақылау-тексеру комиссиясы құрамы 7 адамнан сайлау туралы ұсыныс түсіп, комиссия құрамы бірауыздан сайланды.

Шара соңы Алматы облыстық партия филиалы Саяси Кеңесінің бірінші ашық отырысмен жалғасып, күн тәртібінде ұйымдық мәселе қаралады.

Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Жарғысының  9.4.  тармағына сәйкес, Алматы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамын облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Ақболатовқа таныстырып өтіп, Саяси Кеңес мүшелерінің дауыс беруімен 13 адам Бюро құрамына сайланды.

Конференция жұмысын қорытындылаған облыстық партия филиалының төрағасы Амандық Баталовқа партияның Сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасына ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, өңірдегі партиялық бақылау жұмысының рөлін күшейту жайында тапсырма беріп өтті. Конференция жұмысына қолдау білдірген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейт ел дамуы жолында партиялықтардың атқарған жұмысы ауқымды, нәтижесі көпке үлгі екендігін атады. Сонымен қатар Гүлнәр Тойлыбаева партия филиалы басшылығы тарапынан берілген тапсырмаларды орындауда барынша күш жігерлерін салып,  алдағы 5 жылға жоспарланған партия Сайлауалды бағдарламасындағы міндеттер үнемі назарда екендігін жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр