МҰҚАҒАЛИ МҰРАСЫ - СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ДАРА МҰНАРАСЫ

Мұқағали мұрасы - сөз өнерінің дара мұнарасы

1507526441_article_b_1500__1542123349.jpeg

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, қас - қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.

Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Ақын өлеңдерінде бірде қуаныш пен қайғы болса, бірде көз жасы, наз бен мұң жүреді. Осы бір алма - кезек ауысқан көңіліне жұбаныш, жанына тыныш беру үшін ақын көңілі басқаны аңсайды. Ол халқымыздың табиғатына тән кеңдікті, кеңістікті іздейді, сахараны көргісі келеді. Табиғаттан пана іздейді.

Адамның әлдебір күйініш - сүйініш немесе кескін - кейпін, қимыл - әрекетін суреттеу, оның өз сөзін немесе өзгемен сөйлесуін келтіру, ең арғы жағы, түрліше табиғат құбылыстарын суреттеу – осылардың бәрі, әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі сырын ашу үшін керек. Кезінде Абай «Сөз өнері дертпен тең» екендігін ескертіп кеткен. Ал, шын дарын иесі өнердің азабын тартқанына дән разы. Отыз мың сурет пен бес жүз безендірілген кітаптың иесі, өнерде бағы жанған жапон суретшісі Кацусика Хокусай  өзі туралы: «Мені сурет дуалаған, мен сурет тұтқынымын»- деген екен. Ақын Мұқағали да: «Поэзия, сен менімен егіз бе едің,» - деп өзімен туысып кеткен өлеңін жанына жақын тұтады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылған болатын.  Осы орайда Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын  М.Мақатаевтың туғанына 90 жыл толу мерейтойы мен «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақынның «Өмір-дастан» кітабының желісімен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты челлендж, Көктал ауылдық кітапханасында «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты эстафета, Ақжар ауылдық кітапханасында «Жыр жүйрігі-Мұқағали» атты жыр-мүшәйра, Бірлік ауылдық кітапханасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали оқулары,  Желтораңғы ауылдық кітапханасында «Өмірі-өлеңге, өлеңі-өмірге айналған ақын» атты поэтикалық марафон, Ақдала ауылдық кітапханасында «Мен жырламаймын,  мен сырласамын...»  атты поэзия сағаты, Ақкөл ауылдық кітапханасында «Жыр көгінің сұңқары» атты әдеби круиз ұсынылды. Хантәңірінің мұзбалағы атанған ақиық ақын М.Мақатаевтың мәңгілік өшпес жырларын, поэзиясын, қазақ әдебиетінің алтын қорына енген жауһар шығармашылығын насихаттауды мақсат тұтқан аталмыш шараларда ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жүргізіліп, өлең-жырлары, поэмалары оқылып, тыңдаушысының жүрегіне жылу сыйлайтын танымал әндері орындалды. Сондай-ақ, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында рухани құндылықтарды насихаттау, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» атты онлайн-байқауға аудан кітапханаларынан 14 оқырман қатысуда және  облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ поэзиясының символы» атты байқауға Жиделі ауылдық кітапханасының оқырманы Нұржан Тоғжан қатысты. 

М.Мақатаев атты дарын, алып ақындық талантымен қаншама жылдар өтсе де, өлмес өлеңдерімен өрлей бермек. Оның өшпес өрнекті ұзақ өмір сүріп, жастардың жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жылуы мен жарығын дарытуда. Әрбір оқыған, іздеген сайын ақынның жаңа сырлары аңғарылып, тың толқындары тулап, сырлы саздарын төгуде.

 

Алтынай СЫМЫЛТЫРОВА, аудандық кітапхананың әдіскері.

 

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр