Латын әліпбиіне көшу-жаһандану талабы
Елімізде латын әліпбиіне көшу қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Бұл жөнінде Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баса айтқан болатын-ды.
Сонымен қоса, аталмыш мақалада руханият саласындағы алда тұрған міндеттер де айқындалды. Соның ішінде негізгісі – біртіндеп латын әліпбиіне көшу.
Дерек көздеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 112 мемлекеті, яғни 80 пайызы латын әліпбиін, 48 мемлекет араб әліпбиін қолданады екен. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының жетекші алты тілінің ішінде үш тіл латын әліпбиін қолданады. Тілдік отбасы үндіеуропа жазуы латын тілінен алынған. Қазіргі заманауи тілдердің негізі – осы латын тілінен бастау алады.
Кешегі Кеңес Одағынан түркі тілдес мемлекеттердің ішінен екі ел, яғни Қазақстан мен Қырғызстан ғана кириллицаны қолдануда. Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және Түркия мемлекеті латын әліпбиіне көшкен.
Әлемдік ақпарат кеңістігіне шығатын бірден-бір төте жол – тек латын жазуы. Ал, латын әліпбиі тарихи дайын тұрған дүние. Қазірдің өзінде латын қаріпі мектептерде оқытылып, электронды ақпарат құралдарында кеңінен қолданылуда. Латын әліпбиі бүгін интернет пен технологияның тіліне айналып отыр. Осы орайда латын тіліне көшу арқылы қазақ тілінің дәрежесінің көтеріліп, әлемдік деңгейге шығатынын, өркениеті дамыған елдердің қатарына қосылатынына көз жеткізу, латын әліпбиін меңгеруге шақыру, рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу – табысты ел болуымыздың кепілі екенін ұғындыру, жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақтың санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында «Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің Көктал ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиі: білім-әлемдік, тәрбие-ұлттық» атты әңгіме-репортаж, «Тілді болашақ ұрпаққа бұзбай жеткізу-латын әліпбиіне көшу» атты әдеби шолу, аудандық кітапханада «Латын әліпбиіне көшу-жаһандану үрдісі» атты жастар ойы, «Латын әліпбиі-қазақ тілінің жаңа бейнесі» атты сыр-сұхбат, Құйған ауылдық кітапханасында «Біз латын әліпбиін қалаймыз!» атты тарихи круиз, Жиделі ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты бейнеролик, Бірлік ауылдық кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу-ғасырлар сабақтастығы» атты слайд-шолу, Ақжар ауылдық кітапханасында «Латын әрпі-ұлттық сананы оятудың тетігі» атты тіл сағаты әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынылды. Осы аталған іс-шаралар арқылы аудан халқына Рухани жаңғырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Алтынай Сымылтырова, аудандық
кітапхананың әдіскері.