«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

124.jpg

Бақанас ауылының сауда орталығының бірінде «Есіктен-есікке» акциясы бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы  сайлауалды бағдарламасын таныстырып,  үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үміткер өз сөзінде: «Тойдың болғанынан, боладысы қызық»,- дегендей, сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмысы күннен-күнге қыза түсуде. Күнделікті халықпен кездесу, олардың талап-тілек, өтініштерін  тыңдау, парақшалар тарату, сауалдарын өзіме жазып алу қалыпты жағдайға жетті. Халықтың сұранысы өткен сайлаудағыдай емес, басқаша. Биылғы сайлау партиялық тізіммен өтетіндіктен партияның сайлауалды бағдарламасы жайлы сұрайды. Деншілігі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолдарын сұрауда» -деді.

 Сайлаушылардың сауалдарынын бірі-Ауыл мен қала арасында жолаушылар тасымалдайтын көлік жүйелі кестеге сай жүргізілсе десе, енді бірі-Тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі туралы сұрақтар қойды.

Қойылған сауалдары болашақта Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес  жауабын табады, әрі барлық мәселелер шешіледі. Себебі, «Nur Otan» партиясы - билік пен халық арасындағы «алтын көпір», сөздің емес, істің партиясы екенін тұрғындарға кездесу барысында үміткер баса айтты.

Жалпы ауыл тұрғындарының партияға деген сенімдері жоғары, кездескен тұрғындар партияны таңдап, дауыс беретінін айтып жатты.

Сондықтан, «Nur Otan»  партиясын қолдап, дауыс беруге шақырамыз, біз бірге күштіміз.

10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясын таңдаймыз, қадірменді көпшілік!


#Bizbirgemiz #Tandau2021 #Jenimpazbol


Жұлдызай ОРАЗБЕКОВА, «Nur Otan»  партиясы 

Балқаш аудандық филиалының сарапшысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • *Тазалық пен тәртіп: Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды*
  • Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді
  • Конституционный референдум в Казахстане: новый этап реформ
  • Совет Европы выразил поддержку политическим реформам в Казахстане
  • *В Астане от имени Главы государства были вручены ключи от квартир работникам СМИ*